Орал қаласында жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Оған ірі ұйымдар, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер қатысады.

БҚО әкімдігінің ақпараты бойынша, 15 қараша күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Х.Бөкеева атындағы облыстық драма театрында жастарға арналған «Жастарға жұмыс» бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Оған облыстың ірі ұйымдары, кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері қатысады.
Қосымша ақпаратты 8 (705) 143-06-06, 51-43-40 нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.
