«Ел өмірін жақсартуға ниеті жоқ»: Халық игілігі үшін тиын шығарғысы келмейтін қай байлар?
Ел дамуына үлес қосқысы келмейтін бай-бағландарды әлеуметтік жауапкершілікке шақыру бос әурешілік. Алматы жұртшылығымен кездесуде мемлекет басшысы осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Мен үнемі дәулетті бизнесмендерімізді әлеуметтік салаға инвестиция салуға, қоғамдық маңызы бар жобаларды дамытуға шақырамын. Оған жауап ретінде қандай да бір түсініксіз сылтауларды естимін, олардың шет қалғанын, елдегі өмірді жақсартуға белсенді қатысуға ниетінің жоқтығын көремін. Шамасы, бұл олардың ел тағдырына алаңдамайтынын және олар үшін әлеуметтік жауапкершілікке шақыру бос әуре екенін білдіреді. Мұндай позиция бірқатар сұрақтар тудырады және біз де өз қорытындымызды шығарамыз», – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының сөзінше, шет елдердегі ауқатты адамдар тек ішкі проблемаларды шешуге ғана емес, өздерінің бизнес-байланыстарын пайдаланып, шетелде ұлттық мүддені ілгерілетуге жәрдемдеседі.
«Біздің елімізге белсенді азаматтық патриотизм қажет. Айналада болып жатқан барлық нәрсеге «Шаруам жоқ» қағидатымен қарауға болмайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Салық реформасының бөлігі ретінде «сән-салтанат» деп аталатын салықты енгізуді қарастыру маңызды. Ол қымбат жылжымайтын мүлік, көліктер сатып алу үшін алынады және орта тапқа әсер етпейді», – деді президент Жолдауында.
Ең бай қазақстандықтардың 10% -ы ай сайын 319,95 млрд теңге, ал кедейлердің 10% -ы 54 млрд теңге алады.