«Саңырауқұлақ теруге шыққан»: Оралда із-түзсіз кеткен тұрғынды іздестіруге тікұшақ жұмылдырылды

Оралда орманға саңырауқұлақ теру үшін кетіп, қайта оралмаған тұрғын іздестірілуде. Ер адамнан 5 қарашадан бері хабар жоқ. Оны іздестіру жұмысына «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында. 

ТЖД ер адамды тікұшақпен іздеуде. Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі 

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 73 жастағы ер адам 5 қарашада үйіне оралмаған соң туыстары оны іздеуге көмек сұрап, 6 қараша күні облыстық ТЖД-ға жүгінген. Бұдан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, оған құтқарушылармен бірге, полиция қызметкерлерін, еріктілерді, жергілікті тұрғындарды, орманшыларды, әскери қызметкерлерді қоса алғанда жалпы саны 325 адам мен 41 бірлік техника жұмылдырылған.

Жоғалған тұрғынды іздеп жүрген адамдар. Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі 

Ал қазіргі таңда жоғалған ер адамды іздестіру жұмысына «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы қосылған. Әзірге іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген.

Жоғалған ер адамды іздеуге шыққан әскерилер. Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі 

 Туыстарының айтуынша, жоғалған ер адам алкогольді асыра пайдаланбаған, есте сақтау қабілетінен айырылмаған. Бірақ өзімен бірге ұялы телефонын алмаған. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар қызметі жоғалған тұрғын жайлы қандай да бір ақпарат болса «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне немесе 51-42-22 нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-16
Утром12.92 ℃
Днем20.68 ℃
Вечером20.7 ℃
Ночью14.83 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра4.66 м/с
2025-05-17
Утром12.36 ℃
Днем21.78 ℃
Вечером19.43 ℃
Ночью15.67 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра6.44 м/с