БҚО жолдарын жөндеуге 55 миллиард теңге бөлінген

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Менеев мәлім етті.

«ОА» мұрағатынан

Спикердің айтуынша, бұл ұйымдардың қарамағында 319 бірлік қар тазалайтын техника бар. Атап айтқанда: 41 автогрейдер, 111 трактор түрі, 33 түрлі модификациядағы жүк тиегіш, 30 тартымдылығы төмен бульдозер, 79 ауыр жүк көлігі, 25 көлбеу грейдер.

Сондай-ақ, жолдарды қардан тазарту жұмыстары бірінші кезекте 2-4 сағат бойы көлік көп жүретін аймақтарда басталып, барлық жолдарды қардан тазарту жұмыстары қар жауғаннан кейін 24 сағат ішінде жүргізіледі. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін облыстық автомобиль желісінің жолдарында 200 бірлікке «тайғақ жол» және «жылдамдықты шектеу» уақытша жол белгілері және жылу пунктіне «көрсеткіш» орнатылған.

Биыл Батыс Қазақстан облысының жолдарын жөндеуге 55 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, көрсетілген қаржыға сметалық есеп бойынша 662 шақырым жолға жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілді. Аудандық және облыстық маңызы бар жалпы ұзындығы 4762 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарын күтіп ұстауға және дамытуға 23,8 миллиард теңге бөлінді. Бүгінгі таңда бөлінген қаражат есебінен 94 ауылдық елді мекеннің жолдары жөнделуде. Сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар жалпы ұзындығы 169 шақырымды құрайтын 22 елді мекеннің кіреберіс жолдары жөнделуде. Жөндеу жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізілуде: Барбастау-Ақжайық-Индер; Чапай-Жаңғала-Сайхын; Бөрлі-Ақсай-Жымпиты; Тасқала-Аққурай-Болашақ; Федоровка-Ақсай», – дейді Айдар Менеев.

Сонымен қатар, басқарма басшысы жыл соңына дейін жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 39 пайыздан 46 пайызға дейін арттыру жоспарланып отырғанын атап өтті. Бүгінгі таңда облыстық және аудандық маңызы бар 220 шақырым жол жөнделіп, 20,9 млрд теңге игерілді. Бұл көрсеткіш барлық бөлінген қаражаттың 73 пайызын құрады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-24
Утром16.55 ℃
Днем21.71 ℃
Вечером23.87 ℃
Ночью17.14 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра3.72 м/с
2025-06-25
Утром16.57 ℃
Днем26.15 ℃
Вечером25.37 ℃
Ночью18.85 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.44 м/с