Назарбаев Мәсімов туралы: Иса пайғамбар да Иуданың сатқын екенін білмеген

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК бұрынғы басшысы Мәсімовтың ісіне қатысты пікір білдірді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Н.Назарбаев

Бүгін Назарбаев Астанадағы №393 сайлау учаскесінде дауыс берді. Сол кезде журналистер одан Мәсімовтың ісіне қатысты ойын сұрады.

Назарбаев та тергеудің соңын күтіп жүргенін атап өтті.

«Оның арғы жағында кімнің тұрғаны қатты білгім келіп отыр. Мен де соттың тергеуін қатты күтіп отырмын. Не себеп болды? Арғы жағында кім тұр? Мәсімов біраз жыл менімен бірге жұмыс істеді. Бірақ қайдан білесің, Иса пайғамбар да жанында отырған Иуданың сатқын екенін білмеген ғой. Күте тұрайық, соттың аяқталғанын күтейік, сол кезде бәрін білеміз», — деді Назарбаев.

Тілшілер Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот шешімі қаншалықты әділ болғанын да сұрады.

«Соттың шешімі әділ деп ойлау керек, әділ болмаса, оған сенбеген адам қарсы болып, арызын беруі керек. Қайда барғанда да сот жүйесі шешеді», — деп атап көрсетті Назарбаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-15
Утром12.17 ℃
Днем21.83 ℃
Вечером17.39 ℃
Ночью14.15 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра9.02 м/с
2026-04-16
Утром6.11 ℃
Днем10.84 ℃
Вечером12.27 ℃
Ночью8.57 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.46 м/с