БҚО-да ботаникалық бақ салынбақшы

Орал қаласында бірден екі әлеуметтік бағыттағы нысан бой көтермек. Өткен апта соңында облыс әкімі Ғали Есқалиев «Freedom finance» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов пен серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды.

Сурет: Facebook/БҚО әкімдігі

Ботаникалық бақ Шолохов пен Есенжанов көшелерінің қиылысындағы аумақтан орын теппек. Бақтың аумағы 13 гектарды құрайды. Бұл жерде өсімдіктердің түр-түрі өсіріліп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Жобаға сәйкес, бақ аумағында демалыс аймағы, дәрілік шөптер бағы, этнткалық сипаттағы гүлдер, гүлзарлар, жұпаргүл (сирень) аллеясы, жылыжай, су өсімдіктері бар тоған орналасады деп жоспарлануда. 2023-2024 жылдары жүзеге асатын жобада мектеп оқушыларына ботаникалық, биологиялық, экологиялық өлкетану бағытында үйірмелер ұйымдастыру да қарастырылған.

Екінші жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені. Ерекше қажеттілігі бар жандарды спортқа баулу мақсатында ашылатын жаңа кешен Орал шаһарындағы Т. Масин көшесі 65/1 мекен-жайында бой көтермек. Заманауи спорт кешенінде голбол, бочча, отырып ойнайтын волейбол, арбада билеу секілді спорт үйірмелері болады деп күтілуде.

Сурет: Facebook/БҚО әкімдігі

«Еліміздің алдында қазір шешуге тиісті көптеген міндеттер тұр. Мемлекет бұл бағытта қыруар қаржы бөліп, біраз іс атқаруда. Дегенмен, біз ірі бизнес өкілдері ретінде халық алдындағы жауапкершілікті сезінеміз. Сондықтан мен үшін Батыс Қазақстан облысының әкімімен танысу барысында қаныққан игі бастамаларды қолдау маңызды. Ең алдымен, бұл жобалардың жан-жақты пысықталып, жергілікті кәсіпкерлер мен облыс басшысының көңілінен шыққаны қуантады. Біз бар мүмкіндіктерімізді бір бағытқа арнасақ балаларымыз армандайтын ел қалыптастырып, лайықты өмір сүреміз»,- деді «Freedom finance» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Русланұлы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-11
Утром23.57 ℃
Днем35.33 ℃
Вечером32.29 ℃
Ночью29.38 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра4.83 м/с
2025-07-12
Утром21.91 ℃
Днем33.56 ℃
Вечером34.05 ℃
Ночью26.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.31 м/с