Сайлауда жеңілген кандидаттардың 3 млн теңге жарнасы қайтарыла ма?

«Сайлау туралы» Конституциялық Заңның 54-бабына сәйкес президенттікке үміткер сайлаушылардың 5% дауысын жинай алмаса, Орталық сайлау комиссиясына енгізген жарнасын қайтарып ала алмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Президенттікке кандидат Орталық сайлау комиссиясының шотына заңнамада белгіленген ең төмен жалақының елу еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Егер сайлау қорытындысы бойынша кандидат Республика Президенті болып сайланса немесе дауыс беру қорытындысы бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын алса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады», – делінген «Сайлау туралы» заңның 54-бабының 2-тармағында.

Әрбір кандидат Орталық сайлау комиссиясына елу еселенген ең төменгі жалақы мөлшері, яғни 3 млн теңгеден жарна енгізген болатын. Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлаудың алдын ала қорытындысына сәйкес, Тоқаевтан өзге үміткерлердің ешбірі 5%-дық межеден аса алмады. Яғни, олардың төлеген жарнасы – 15 млн теңге республикалық бюджетке түспек.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром21.07 ℃
Днем29.52 ℃
Вечером28.7 ℃
Ночью25.47 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.85 м/с
2025-07-14
Утром20.83 ℃
Днем27.46 ℃
Вечером26.95 ℃
Ночью20.34 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра5.47 м/с