Сайлаудың ресми қорытындысы шықпай жатып екі кандидат Тоқаевты құттықтап үлгерді

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев пен Салтанат Тұрсынбекова Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Коллаж: ulysmedia.kz.

«Маған дауыс берген сайлаушылар үшін шын жүректен рахметімді айтамын. Саяси науқанда айтылған бағдарламам тек сайлаумен ғана тоқтамайды. Бағдарламамызды ары қарай жүзеге асырып, қарапайым халықтың өмірін жақсарту үшін бүкіл күш-жігерімді кү-жігерімді, өмірімді арнаймын», – деген Дайрабаев Тоқаевты жеңісімен құттықтады.

Ал Салтанат Тұрсынбекова әйел-саясаткердің мәртебесін жаңа деңгейге шығаруын өз жеңісі ретінде білетінін айтты.

«Менің сайлауалды бағдарламамның арқасында зорлық-зомбылық тақырыбы күн тәртібінен түскен жоқ. Электоралды науқанға қатысушылардың әрбірінің жүрегіне сөзім жетті деген ойдамын», – деген ол да шын жүректен Тоқаевты сенімді жеңісімен құттықтады.

Еске сала кетсек, дауыс беру аяқталғаннан кейін «Ашық қоғам» халықаралық аймақтық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесін жариялаған еді. Оған сәйкес, дауыстар бөлінісі мынадай:

  • Қарақат Әбден – 2,54 пайыз;
  • Нұрлан Әуесбаев – 2,17 пайыз;
  • Жигули Дайрабаев – 3,33 пайыз;
  • Мейрам Қажыкен – 2,23 пайыз
  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45 пайыз
  • Салтанат Тұрсынбекова – 2,08 пайыз
  • Бәріне қарсымын – 5,2 пайыз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром21.07 ℃
Днем29.52 ℃
Вечером28.7 ℃
Ночью25.47 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.85 м/с
2025-07-14
Утром20.83 ℃
Днем27.46 ℃
Вечером26.95 ℃
Ночью20.34 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра5.47 м/с