Зейнетақы жинағының жеткілікті шегін төмендету ұсынылды

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Қазақстанда зейнетақы жинағының жеткілікті шегін төмендетіп, инвестициялық табыстың бір бөлігін алуға мүмкіндік беруді ұсынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көрнекі сурет

Оның айутынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) соңғы 12 айдағы табысы – 7,5%, ал инфляция – 18%. Бұдан нақты табыс теріс екенін көруге болады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімді басқаруға 4 басқарушы компанияны тартқан. Оларға 9 млрд теңгеге берілді. Бұл барлық зейнетақы жинағының 1%-ына да жетпейді.

Ашығын айтқанда, бұл жекеменшік зейнетақы қорлары емес, брокерлік компаниялар болып саналады. Президенттің тапсырмасы ресми түрде ғана орындалды деуге болады. Осыған байланысты Үкіметтен Қаржылық нарықты реттеу агенттігімен бірлесіп, зейнетақы активтерін басқару нарығын оларды жекеменшік зейнетақы қорларына беру арқылы нақты монополиясыздандыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын, – деді Аманжан Жамалов.

Депутат зейнетақы жинағын қолдану мәселесін де көтерді.

2020 жылы президент қазақстандықтардың зейнетақы жинағын түрлі мақсатқа, оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге төлем ретінде алуға мүмкіндік жасап, бірегей әлеуметтік шешім қабылдады. Ол құқықты 1,3 млн-нан аса адам қолданды. Қазақстандықтардың арнайы шотына 3,2 трлн теңге аударылды. Олар бұл қаржыға бағасы шарықтап кеткен пәтер алып, емделді. Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі көтерілгенде бұл бастама құрдымға кетті, – деді ол.

Аманжан Жамалов зейнетақы жинағының жеткілікті шегін төмендету мәселесін де қайта көтеру керек деген пікірде.

«Үкіметке зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегін төмендету туралы мәселені қайта қарау керек деп есептеймін. Сондай-ақ осы тәжірибені ескеріп, жекеменшік зейнетақы қорларын тарту мен салымшылар үшін жаңа ынталандыру пакетін әзірлеу қажет. Мысалы, егер инвестициялық табыс инфляциядан асса, азаматтарға инвестициялық табыстың бір бөлігін алуға мүмкіндік беру шарт», – деді депутат.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

3 × 2 =

x
2024-03-05
Утром-16.55 ℃
Днем-5.17 ℃
Вечером-6.13 ℃
Ночью-12.61 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра2.42 м/с
2024-03-06
Утром-11.5 ℃
Днем-4.79 ℃
Вечером-5.26 ℃
Ночью-7.26 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра2.88 м/с