Ай сайын несие алатын қазақстандықтардың қатары 2 есе артқан

Қазақстанда ай сайын несие алатын адамдардың саны 7%-дан 12,5%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото ашық дереккөзден

Бұл жөнінде Zaimer қысқа мерзімді онлайн-қарыздар сервисінің талдау орталығы жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болды.

«Қазақстандықтардың 12,5%-ы күнделікті шығындарға ай сайын жалақыға дейін шағын несие алады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 7% ғана болған», – делінген сервис есебінде.

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) 2,5 мың кәмелетке толған қарыз алушыларының пікірін зерттеген мамандардың есебіне сүйенсек, жылына екі-үш рет респонденттердің 28%-ы қысқа мерзімді қарыздар алады, ал 45%-ы жылына үш-бес рет алады.

Бұл ретте клиенттердің 10,7%-ы банктен несие (ипотека, автокредит немесе бөліп төлеу) алғысы келеді, делінген зерттеуде.

«Сізде жалақыға дейін ақша бар ма?» деген сауалға сауалнамаға қатысқандардың тек 35%-ы оң жауап берген. Сауалнамаға қатысқандардың 20%-ына 100 мың теңге және одан да көп қаржы жетпейді екен, ал 25%-ы 10-40 мың жетіңкіремейтінін айтқан.

Респонденттердің көпшілігі (61%) жинақтары жоқ және жалақыдан жалақыға дейін өмір сүретінін, 27%-ының 1-3 айға жететік жинақтары бар екенін атап өткен. Сауалнамаға қатысқандардың тек 2%-ы табыс көзінсіз бір жыл немесе одан да көп өмір сүре алатынын жеткізген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-17
Утром1.34 ℃
Днем0.47 ℃
Вечером-7.07 ℃
Ночью-10.22 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра10.42 м/с
2026-02-18
Утром-11.83 ℃
Днем-8.38 ℃
Вечером-8.82 ℃
Ночью-10.21 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.03 м/с