Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді

Демалыс күндерінің азаюы, жазғы доңғалақ үшін айыппұл, халықаралық әуе рейстері, Өзбекстанмен шекарадағы бекеттің жабылуы – желтоқсан айындағы осы және өзге де өзгерістер жайлы оқыңыз.

Еркебұлан Гапуовтың суреті

Демалыс күні қысқарды

Биылдан бастап Қазақстан халқы 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні демалмайды. Өйткені мейрам ресми түрде «мемлекеттік мереке» мәртебесінен айырылды. Енді бұл мереке Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер секілді аталып өтеді.

Сондай-ақ, заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Тәуелсіздік күні тек бір күн – 16 желтоқсанда мерекеленеді. Сәйкесінше, қазақстандықтар сол күні демалады. Ал 17 желтоқсан – жұмыс күні.

Бұған дейін заң бойынша Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсан аталып өтетін.

Айта кетері, Тәуелсіздік күні енді ұлттық емес, мемлекеттік мереке саналады.

Жазғы доңғалақпен жүргендер айыппұл арқалайды

Бүгін, 1 желтоқсаннан бастап жүргізушілерге жазғы доңғалақпен жүруге тыйым салынады. Заңды талапқа бағынбайтындар 5 АЕК (2022 жылы – 15 315 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.

Қазақстанда сыртында тау шыңының, ал ішінде қар түйіршіктерінің белгісі бар және «М+S», «M&S», «M S» белгілерімен таңбаланған шиналар «жарамды» қысқы шина болып есептеледі. Қысқы шинада бүртабан (шип) болған жағдайда көліктің артқы терезесіне белгі қою қажет.

Көлік жүргізушілері ақпан айының соңына дейін қысқы доңғалақпен жүруге міндетті.

Халықаралық әуе рейстері ашылады

Желтоқсан айында Қазақстанды Вьетнам, Түркия, Кувейт елдерімен байланыстыратын әуе рейстері іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Атап айтанда, 5 желтоқсаннан бастап «Turkish Airlines» компаниясы Астана және Анкара қалалары арасында жаңа рейс ашады. Рейстердің жиілігі – аптасына 2 рет, дүйсенбі және сәрсенбі күндері. Жолаушылар А-320 және Б-737 типті әуе кемелерімен ұшады.

Сондай-ақ Кувейттің «Jazeera Airways» лоукостері 3 желтоқсаннан бастап Кувейт – Түркістан бағыты бойынша әуе рейсін іске қосады. Әуе рейсі аптасына екі рет – сейсенбі және жексенбі күндері Airbus A-320 типті әуе кемесімен орындалады.

Ал 25 желтоқсаннан бастап ірі вьетнамдық «Vietjet Air» әуе компаниясы Камрань-Астана бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр. Рейстердің жиілігі – аптасына 3 рет. Жолаушыларды Airbus А – 330 типті әуе кемелері тасымалдайды.

Айта кетері, «Vietjet Air» компаниясы – Вьетнамның бюджеттік әуе тасымалдаушысы.

«ҚазМұнайГаз» акцияларын сатып алуға өтінім беру аяқталады

IPO аясында қазақстандықтарға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының акцияларын сатып алу мүмкіндігі берілді.

Өтінім қабылдау 9 қарашада басталған болатын. 30 қарашада институционалдық инвесторлар, яғни, заңды тұлғалардан өтінім қабылдау аяқталды. Ал жеке тұлғалардан өтінім қабылдау 2 желтоқсан Астана уақытымен сағат 15:00-ге дейін жалғасады.

Ұлттық компания биржаға 3,5 миллион акциясын шығарды. Әрбіреуінің бағасы – 8 406 теңге.

Айта кетері, ҚазМұнайГаз IPO-сы кезінде басымдық Қазақстан азаматтарына, яғни жеке тұлғаларға беріледі.

Қазақ-өзбек шекарасындағы өткізу бекеті жабылады

1 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында орналасқан «Қапланбек» өткізу пункті жабылады. Бекетте күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, жаңа құрал-жабдықтар орнатылады.

Қазір шекарадағы 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу бекетінде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның бірі – «Қапланбек» бекеті. Әрбіреуіне, шамамен, 15 млрд теңге жұмсалады. Жартысы құрал-жабдықтарға, қалғаны құрылыс жұмыстарына кетеді.

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямовтың айтуынша, бір өткізу бекетін толығымен жаңғыртуға 19 ай кетеді. Барлық жұмыс 2024 жылда аяқталады деген жоспар бар.

Білім грантын жұмыспен өтеу мерзімі қысқарды

Педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша грантта оқыған ауыл жастары үшін грантты еңбекпен өтеу мерзімі қысқарды.

Енді ауылдық квотамен оқыған азаматтар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейді.

Бұған дейін түлектер білім алған өңірлерінде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті еді.

Еңбекпен өтеу үшін бекітілген өңірлер –Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Абай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

2 − 2 =

x
2024-03-03
Утром-14.95 ℃
Днем-11.22 ℃
Вечером-9.17 ℃
Ночью-14.71 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.02 м/с
2024-03-04
Утром-17.29 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-9.57 ℃
Ночью-14.26 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра2.29 м/с