БҚО-да облыс әкімін депутаттар дауыс беру арқылы сайлайды
Ертең 2 желтоқсанда мәслихат депутаттары облыс әкімі лауазымына кандидатураларды қарайды.

Депутаттар жиналысы 2 желтоқсанда сағат 9:00-де шақырылатыны туралы облыстық мәслихат аппараты хабарлады.
Жаңа ережелер бойынша мәслихат депутаттары облыс әкімі лауазымына тағайындауға келісім беруі тиіс.
Ел Президенті облыс әкімі лауазымына кемінде екі кандидат ұсынуы тиіс.
Тиісті аумақтың әкімдеріне кандидаттар өздерінің алдағы қызметі бағдарламасының тезистерін баяндайды. Депутаттар оларға сұрақтар қоя алады.
Облыс әкімін дауыс беру процесінде ашық немесе құпия түрде таңдалады.