Елімізде қаңтардан бастап жұмыс берушілер үшін бірыңғай төлем енгізілуі мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бірыңғай төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ қайтарудың жаңа қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрнекі сурет

Құжатқа сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне жалақыдан бірыңғай төлемді енгізуді көздейді және оны төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін белгілейді.

Бірыңғай төлемге жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды енгізу ұсынылды.

Қағида жобасына сәйкес:

әлеуметтік төлемдер – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;

бірыңғай төлем төлеуші – жұмыс беруші;

бірыңғай төлем – міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар, жеке табыс салығы.

Сондай-ақ Құжатта Бірыңғай төлемді есептеу тәртібін және бірыңғай төлемді бөлу және аудару, сондай-ақ оны қайтару тәртібі қарастырылған.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, бұйрық жобасын қабылдау микро және шағын бизнес субъектілерінің еңбекақы қорына түсетін жалпы жүктемені азайтады.

Құжат 14 желтоқсанға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-15
Утром-10.63 ℃
Днем-4.08 ℃
Вечером-3.83 ℃
Ночью-4.28 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.94 м/с
2025-02-16
Утром-2.37 ℃
Днем-5.16 ℃
Вечером-9.21 ℃
Ночью-10.07 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра10.08 м/с