Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметін сақтап қалды
«Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын»– делінген Ақорданың ресми ақпараттық ресурсы жариялаған Жарлық мәтінінде.
С. Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.
2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.
2018 жылы Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
2020 жылы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды