БҚО-да жеке сот орындаушылары борышкерлерден өндірген ақшаны қалтасына басқан

Прокуратура органдары жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасымен бірлесіп жеке сот орындаушыларының 2021-2022 жылдары борышкерлерден өндіріп алынған ақшалай қаражатты уақтылы және толық аударуына тексеру жүргізді.Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Фото Tengrinews.kz

Алматы қаласында, СҚО, Қарағанды, Павлодар, БҚО және Ақмола облыстарында жүргізілген тексеру ЖСО өндіріп алушылардың шотына аударуға жататын 1,1 млрд теңге мөлшерінде ақша ұрлаудың 660 фактісін анықтады.

Мәселен, елордалық ЖСО алимент бойынша жоқ қарызды әдейі анықтап, сот үкімімен мемлекеттің пайдасына тәркіленуге жататын 289 млн теңгені жеке тұлғаның банк шотынан шешіп алған.

Ол бұл қаражатты Астана қаласы сот актілерін орындау департаментінің бұрынғы бастығына аударған. Осы қызметі үшін ЖСО 10 млн теңге ұстап қалған.

Алматылық ЖСО жыл бойы борышкерлердің қаражаты есебінен өзінің банк депозитін жалпы сомасы 84 млн теңгеге 18 рет толықтырған.

Нәтижесінде, ол пайыз түрінде 2 млн теңге табыс тапқан.

Осыған ұқсас ЖСО өз депозитіне 13,6 млн теңге аударып, шамамен 5 млн теңгеге жуық сыйақы алған.

Қарағандылық 7 ЖСО борышкерлердің 110 млн теңге көлеміндегі қаражатын жеке қажетіне жұмсаған.

Басқа жағдайда, алматылық ЖСО «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушісі кәмелетке толмаған Болгамбаеваға арналған 400 мың теңгені жеке мақсатында пайдаланған.

Павлодарда ЖСО 3 жыл бойы 520 мың теңгеге екі баланың алимент қаражатын ұрлап отырған.

Кейбір ЖСО-лар өндіріп алушылардың ақшасын басшылардың шығындарын жабуға пайдаланған.

Батыс Қазақстан облысында ЖСО өңірлік палатаның басшысына және оның орынбасарына 1 млн теңге аударған.

Олардың басқа әріптестері әйелдері мен туыстарына 4,7 млн теңге бөлген.

Ақша қаражатын ұрлау мен ысырап етудің анықталған фактілері бойынша сотқа дейінгі 16 тергеу басталды.

Сондай-ақ қадағалау актісі бойынша 7 ЖСО лицензиясы алынды, 2 лицензия тоқтатылды, 55 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-09
Утром-12.01 ℃
Днем-5.09 ℃
Вечером-6.3 ℃
Ночью-7.58 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра3.63 м/с
2024-12-10
Утром-9.19 ℃
Днем-4.42 ℃
Вечером-4.69 ℃
Ночью-5.74 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра4.46 м/с