БҚО әкімі болып Нариман Төреғалиев тағайындалды
Бүгін БҚО мәслихатының депутаттарына облыс әкімі лауазымына екі кандидатура ұсынылды – сенатор Нариман Төреғалиев пен Тасқала ауданының әкімі Бауыржан Айтмағамбетова. Оларды Президент аппаратының басшысы Мұрат Нұртілеуов таныстырды.
Депутаттар ашық дауыс берді.
123 депутат 58 жастағы Нариман Төреғалиевке дауыс берді. 37 депутат Айтмағамбетовке өз дауыстарын берді.
ҚР Президентінің Жарлығымен 58 жастағы Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
Нариман Төреғалиев 1964 жылы Ақжайық (бұрынғы Тайпақ) ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келген.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-экономист мамандығы, Каспий қоғамдық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 1990-1995 жылдары «ХVІІІ Партсъезд» атындағы ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисі, бас экономисі болып бастаған.
1997-1999 жылдары «Айтиево» өндірістік кешенінің жабдықтаушысы, экономисі, бас экономисі;
1999-2001 жылдары «Ақжол» шаруа қожалығының басшысы;
2001-2002 жылдары Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;
2002-2003 жылдары Орал қаласындағы Жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры;
2003-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары;
2005-2008 Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары;
2008-2010 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры;
2010-2012 жыладыр Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы;
2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі;
2015-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2016-2017 жылдары Орал қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
2017 жылғы маусымнан бастап парламент сенатының депутаты болды.
Сондай-ақ 2020-2022 жылдары сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы, 2022 жылдың маусымынан сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарған.