БҚО соты «Бірлік» ЖШС иесі Аманжол Конеевті колониядан босатты
Бір ай бұрын Жоғарғы Сот Орал қалалық сотының судьясы Асқар Исмаиловтың шешімін жойып, Конеевті салық төлемегені үшін кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Бүгін облыстық сот алқасы кәсіпкерді үй қамағына босату туралы шешім қабылдады.
Облыстық сот 24 желтоқсанға негізгі сот талқылауын тағайындады.
«Бірлік» ЖШС және «Марасант» ЖШС құрылыс компанияларының иесіне айыптау үкімі өткен жылдың қараша айында шығарылды. Ол 1,5 миллиард теңге салық төлеуден жалтарғаны үшін кінәлі деп танылды.
2020 жылдың қарашасында ол тергеу изоляторына қамауға алынды.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: «Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары мені банкротқа ұшыратқысы келді», — «Бірлік» ЖШС сотталушы директоры Аманжол Конеев