Директорлар енді мектептегі психологиялық қызметке тікелей жауапты болады

Қызмет құрамына директордың орынбасары, педагог-психолог және әлеуметтік педагог кіреді.

Көрнекі сурет

Оқу-ағарту министрлігі мектеп ішіндегі психологиялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ психологиялық проблемалары бар балалар мен дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында мектеп ішіндегі психологиялық қызметті жақсартуды көздеп отыр.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған министр бұйрығының жобасында жазылған.

Жобаға сәйкес, енді мектептегі психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру тікелей мектеп басшысының міндеті болып табылады. Психологиялық қызмет тобына директордың орынбасары, педагог-психолог және әлеуметтік педагог мүше болады.

Өз кезегінде мектеп басшысы психологиялық қызметтің жұмыс жоспары және құрамын бекітеді.

Жобада, сонымен қатар мектеп психологы мен педагог-психологына қойылатын біліктілік талаптары да өзгеріс тапқан.

Ендігі жерде бұл салада қызмет ету үшін «Педагогикалық ғылымдар» («Педагогика және психология»), «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» («Психология») кадрларын даярлау бағыттары жоғары не жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ие болуы қажет. Олардан жұмыс өтілі талап етілмейді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-18
Утром15.44 ℃
Днем22.83 ℃
Вечером22.68 ℃
Ночью18.67 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.55 м/с
2025-05-19
Утром18.22 ℃
Днем20.53 ℃
Вечером20.58 ℃
Ночью15.24 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра9.14 м/с