Орал-Атырау бағытына қатынайтын маршрут саны бесеуден екеуге қысқартылды

Осыған дейін күніне бес рет қатынаған автобус енді күніне тек екі рет жүреді. Бұған себеп – жолаушылардың жоқтығы. Автовокзал басшысы Талғат Бисекенов маршрут санын қысқартуға мәжбүрлі түрде барғандарын айтады.

«ОА» мұрағатынан

Оның сөзінше, автобусқа жолаушылар көп мінбейді. Сондықтан сұраныс азайып, қалааралық маршурт өз-өзін ақтамай отырған көрінеді.

– Жолаушылар саны аз болғасын рейс санын бесеуден екеуге қысқарттық. Мәселен, кеше сағат 16:00-де жүргенОрал-Атырау бағытындағы автобусқа тек екі адам ғана билет алған. Ал автобус 50 орындық. Бұл – жол шығынын ғана емес, автобустың саляркасын да ақтамайды. Сол себепті біз рейс санын қысқартуға мәжбүр болдық. Ешқашан автобус лық толы кеткен кезі болған емес,- дейді Талғат Бисекенов.

Ол «Жолаушыларды тасымалдау» ережесінде өз-өзін ақтамайтын қалааралық маршруттарға Үкімет және жергілікті билік тарапынан қолдау көрсетілуі керек екені жазылғандығын айтады. Бірақ күні бүгінге дейін жергілікті билік тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеген, яғни, субсидия бөлінбеген.

– Субсидия мәселесін біраздан бері айтып келеміз, бірақ, өкінішке қарай нәтиже жоқ. Өз-өзін ақтамағасын Орал-Ақтөбе бағытына қатынайтын маршрутты жабтық. Сұраныс болса, барлық рейсті ашуға дайынбыз,- дейді автовокзал басшысы.

Батыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Менеев болса, автовокзал басшысының «өз-өзін ақтамай отыр» деген пікірімен келіспейді.

– Маршрут өзін ақтап отыр. Сұраныс бар. Сұраныс болмаса, жолаушылар автобусқа мінбейтін еді ғой. Егер субсидия алғылары келсе, маршруттың ақтамай отырғанын көрсетсін,- деді қысқа ғана пікір білдірген басқарама басшысы.

Орал-Атырау бағытына қатынайтын маршрутқа жауапты «Батыс қазақстан автобус паркі» ЖШС-на пікір алу үшін аяқтай барған едік, алайда онда ешкім болмады.

Айта кетейік, «Орал апталығы» редакциясына кей тұрғыннан Оралдан Атырауға жүретін маршрутта үнемі орын болмайтынын, қосымша рейс неліктен ашылмайтынын айтып, шағым түсірген еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-09
Утром-11.67 ℃
Днем-5.09 ℃
Вечером-6.3 ℃
Ночью-7.58 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра3.63 м/с
2024-12-10
Утром-9.19 ℃
Днем-4.42 ℃
Вечером-4.69 ℃
Ночью-5.74 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра4.46 м/с