Ауыл тұрғындары емделу үшін қалаға баруға мәжбүр

Бұл туралы депутат Амангелді Толамисов Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді.

Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдаған сенатор медициналық ұйымдарды жеткіліксіз қаржыландыру және емдеу-профилактикалық ұйымдардағы кредиторлық берешектің өсуін алға тартты. Сондай-ақ дәрігерлердің жалақысы төмен және оны төлеудің кешігуі, салық төлеудегі қиындықтар, дәрі-дәрмектерді сатып алу және коммуналдық қызметтерді төлеуге тоқталды.

Айтуынша, ауылдық медициналық мекемелердің барлық осы проблемалары елдегі емханалар мен ауруханалардың дұрыс қаржыландырылмауының салдарына айналған.

Жыл сайынғы бюджетті бекіту кезінде Үкімет 2021 жылғы нақты тапшылықпен нақты шығындар бойынша есептеулер жүргізген, айқын тапшылықтар байқалады. Өкінішке қарай, Денсаулық сақтау министрлігі де, ӘМСҚ да осы уақытқа дейін бұл қаражаттың ұлғаюына қол жеткізген жоқ. Соның салдарынан ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруда күрделі жағдай қалыптасты. Бастапқыда міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге бөлінген қаражат көлемі 2022 жылы медициналық ұйымдар мәлімдегеннің 70-77%-ын құрады. Қазіргі жағдайда денсаулық сақтау ұйымдары еңбекақы төлеу бойынша, салықты уақтылы төлеуде, дәрі-дәрмек пен азық-түлік сатып алуда, коммуналдық қызметтерді төлеуде қиындықтарға тап болуда, – деп атап өтті Амангелді Толамисов.

Сенатор денсаулық сақтау саласындағы ауылдық емханалардың техникалық жарақтандырылуын да өзекті мәселе екенін атап өтті. Аудандық медицина ұйымдарының теңгеріміндегі автокөліктердің 80%-ы моральдық және техникалық жағынан ескірген.

Ауылдық жердегі көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімсіздігі мен мамандардың тапшылығынан ауыл халқы жаппай ағайын-туыс жағалап, қалаға келіп емделуге мәжбүр болып жүр. Осы орайда, амбулаториялардың, акушерлік пункттер бойынша, жедел жәрдем көліктері бойынша, жалпы, алғашқы медициналық көмек көрсету жүйесін жақсарту бойынша Үкімет жедел шаралар қабылдау керек деп емесптеймін, – деп атап өтті сенатор.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-11-09
Утром-3.66 ℃
Днем1.09 ℃
Вечером1.27 ℃
Ночью1.97 ℃
Влажность96 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра8.63 м/с
2024-11-10
Утром1.72 ℃
Днем3.45 ℃
Вечером3.14 ℃
Ночью0.39 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.28 м/с