«Үйде көршілердің дауысы естіледі»: құрылыс компаниялары заңның шикілігін біліп отыр

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көп қабатты үйлердегі бөлмеаралық қабырғаларға қатысты талап күшейтілетінін айтты.

Фото ашық көзден

Бүгін сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистер көп қабатты үйлердің ортақ проблемасын көтерді. Халық шудан оқшаулау мәселесі жайында жиі айтады. Олар көрші пәтерлердегі дауыс анық естілетініне наразы.

Министрдің айтуынша, заңда ішкі қабырғаларға нақты талап жоқ. Сол себепті құрылыс компаниялары шудан оқшаулау мәселесіне көп мән бермейді.

«Бізде сыртқы қабырғаның стандарты нақты белгіленген. Ал ішкі қабырғалар, яғни, бөлмеаралық қабырғалардың нақты талаптары белгіленбеген. Сол себепті қазір халық арасында шудан оқшаулауға қатысты сұрақтар жиі қойылады «, – дейді Өскенбаев.

Оның айтуынша, ішкі қабырғаларға қатысты стандарт міндетті түрде болады.

«Қазір осы мәселені қарастырып жатырмыз. Келесі жылы ондай стандарттарды белгілейміз», – деп атап көрсетті Өскенбаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром5.99 ℃
Днем22.88 ℃
Вечером22.26 ℃
Ночью19.01 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.08 м/с
2025-04-20
Утром14.59 ℃
Днем24.6 ℃
Вечером24.2 ℃
Ночью18.75 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра5.59 м/с