Орал қалалық саябағындағы кафеде өлтірілген кәсіпкердің ісін тергеу аяқталды

Күдіктілерге: 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылды (алдын ала сөз байласу бойынша топ болып адам өлтіру). Қазіргі уақытта іс тергеу материалдарымен танысу сатысында тұр.
Естеріңізге сала кетейік, 6 тамызда сағат 21:30 шамасында Қожантаев пен Амангелді кәсіпкер Еркін Мұханғалиевпен «Рахам-Лукум» кәсіпкердің кафесінде кездесуге келді.
Іс материалдарына сәйкес, кездесу барысында Қожантаев барсеткадан пышақ алып, кәсіпкер Мұхангалиевті мойын аймағына үш рет ұрған, кәсіпкер терезеден қашып кетпек болғанда, күдікті оны қуып жетіп, арқасына тағы үш рет ұрған. Кәсіпкер кафенің жанындағы автотұрақта қайтыс болды, ал Қожантаев пен Амангелді қашып кетті. Барлық болып жатқан оқиғаларды кафеде бейнекамералар түсірді.
Екі күннен кейін, 8 тамызда полиция күдіктілерді «Телеорталық» ауданындағы саяжай массивінде ұстады.
ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Алдын ала сөз байласу арқылы қасақана өлтіру» бойынша күдіктілер бас бостандығынан айыру он бес жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі мерзімге жазалануы мүмкін.
Талғат Омаров
