Халқы табысының басым бөлігін азық-түлікке жұмсайтын елдер арасында Қазақстан көш бастады

Сарапшылар қай ел тұрғындарының табысының көп мөлшері азық-түлікке кететінін анықтады. Оған сәйкес аталған тізімде Қазақстан көш бастады, деп хабарлайды РИА Новости

Фото ашық көзден

Басылымның мәліметінше, Қазақстан аталған тізімде 39 елді басып озған. Сарапшылар тізімді әзірлеуде әр елдің ұлттық статистика қызметі ұсынған ақпаратқа сүйене отырып, үй шаруашылығы бюджетіне сараптама жасаған.

Көптеген ел бойынша орташа отбасындағы 2019–2021 жылдардағы статистикалық мәліметтер алынған. Зерттеуде бірқатар мемлекетте уақыт өткен сайын бюджет құрылымы өзгермейтіні, сол себепті статистиканы жыл сайын жаңартпайтыны айтылған.

Басылым жүргізген рейтинг бойынша Қазақстан азаматтары табысының 53 пайызын азық-түлікке жұмсайтыны анықталған. Бұл рейтингтегі ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Бұл ретте Қазақстан халқы мәдени іс-шараларға табысының бар-жоғы 1,5 пайызын, дәмханалар мен мейрамханаларға 1,9 пайызын жұмсайтын болып шыққан.

Аталған тізімде Беларусь Қазақстаннан 4 орын төмен тұр, мұнда тұрғындар азық-түлікке табысының 37,6 пайызын жұмсаса, бос уақытын өткізу мен мәдени іс-шараларға, қоғамдық орындарда тамақ ішуге табысының 3,6 пайызын жұмсайды екен.

Сол сияқты ресейліктердің табысының 32,2 пайызын азық-түлікке жұмсайтыны анықталған. Бос уақытын тиімді өткізуге ресейліктер табысының 5,6 пайызын жұмсаса, дәмханалар мен мейрамханаларда тамақтануға табысының 2,9 пайызын жұмсайтын көрінеді.

Айта кетерлігі тізімге Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан енбеген.

Тамаққа табысының ең аз бөлігін жұмсайтын елдердің қатарында Люксембург мен Нидерланд көш бастап тұр. Аталған елдің тұрғындары азық-түлікке табысының бар-жоғы 8,4- 8,7 пайызын жұмсайтыны анықталған. Сондай-ақ зерттеуде Люксембург тұрғындары бос уақытын тиімді өткізуге табысының 5,2 пайызын, мейрамханалар үшін табысының 8,5 пайызын жұмсайтыны айтылған.

Ал Нидерланд азаматтары ойын-сауыққа табысының 7,4 пайызын жұмсаса, дәмханаларда тамақтануға табысының 4,6 пайызын жұмсайтыны белгілі болған. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-19
Утром-12.87 ℃
Днем-8.95 ℃
Вечером-12.31 ℃
Ночью-14.64 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.29 м/с
2026-01-20
Утром-10.99 ℃
Днем-7.53 ℃
Вечером-8.41 ℃
Ночью-10.8 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.44 м/с