БҚО-да екі қабатты үй өртенді
Сонымен қатар, үйдің ауласында орналасқан шаруашылық ғимараты да отқа оранған.
Өрт 13 желтоқсанда сағат 11:00 шамасында Бәйтерек ауданы Мичурино кентіндегі Школьная көшесіндегі жеке үйде болған. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі қабатты жеке тұрғын үйде жалпы ауданы 260 шаршы метр болатын шатыр, сондай-ақ 150 шаршы метр алаңдағы үйдің ауласында жеке тұрған шаруашылық құрылысы және төрт орам шөп өртенген.
Өрт 15:03-те жойылды. Өртті сөндірумен БҚО ТЖД 22 қызметкері және жеті техника айналысқан. Өрт орнында Бәйтерек ауданы ТЖБ анықтаушысы және БҚО ТЖ Департаментінің зерттеу сынақ өрт зертханасының маманы жұмыс істеуде. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі, материалдық залал, кінәлі адамдар анықталу үстінде.