Жеке тұлғалар салық бойынша Telegram арқылы көмек ала алады
Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram арнасында жедел көмек көрсету қызметін іске қосты.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Salyqbot Telegram-каналында салық төлеушілерге жедел көмектің екі қызметін іске қосты:
- шотты бұғаттан шығару;
- жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек.
Бұл қызметтер «бір рет басу» арқылы банктік шоттар бойынша бұғаттау себептерін анықтау үшін өтінім жіберуге немесе мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша көмек алуға мүмкіндік береді.
@SalyqBot кеңесшісі қазақ және орыс тілдерінде әзірленген.
Кеңесшіде мына функциялары бар:
- пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты лезде алуына мүмкіндік береді;
- салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі;
- қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;
- жеке немесе заңды тұлғаның қажеттілігіне байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;
- пайдаланушыларға МКК қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтар арқылы мәлімет береді;
- заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.
Чат-боттың мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген деректер базасы бар. Бұл пайдаланушыға оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға лезде жауап алуға мүмкіндік береді.
Пайдаланушы әрқашан да берілген жауаптарға баға қоя алады, сонымен қатар сұрақ қоюға, чат-бот операторына тікелей өтініш жазу мүмкіндіктері қарастырылған.
Көрсетілген қызметтер бойынша Salyqbot пайдаланушыларына сұрау жіберу үшін өңірді (облысты/қаланы) көрсету жеткілікті, содан кейін 24 сағат ішінде Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері егжей-тегжейлі ақпарат беру үшін салық төлеушімен байланысады.