Қазақстандағы барлық дерлік аса ауыр қылмыстарды алқабилер соты қарай бастайды

ҚР Парламенті сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкеновтің мәлімдеуінше, еліміздегі алқабилер соты 2007 жылғы 1 қаңтарда енгізілді әрі 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Бұл – біздің сот жүйесін дамыту бағытында өте маңызды шара. Алқабилер соты қылмыстық процесстің негізгі қағидаттарын, тараптардың теңдігін, кінәсіздік презумциясын және басқа да қағидаттарды бекітуде маңызды рөл атқарады. Қазір алқабилер соты қараған істер бойынша 10 пайызына дейін ақтау үкімін шығарады. Ал жалпы соттардың бұл көрсеткіші 1,5-2 пайыз ғана. Алқабилердің қарауына жататын істер бойынша сотқа дейінгі тергеудің сапасы әлдеқайда жоғары, деді Әбдірашид Жүкенов.

Оның айтуынша, тараптар сот талқылауында өте жоғары белсенділік білдіреді. 2007-2009 жылдар аралығында алқабилер өлім жазасы мен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған қылмыстар бойынша істерді қарады. Осы кезеңде алқабилер қатысқан істердің саны жылына шамамен 50 іс болды.

«2010-2012 жылдар аралығында алқабилер қарайтын әстер санаты бүкіл аса ауыр қылмыстарға кеңейтілді. Бұл қадам алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің он есеге өсуіне әкелді. Істердің саны жылына 300-ден асты. 2013 жылы алқабилердің құзыреті қайта азайтылды, олардың ұарауына тек өлім жазасы мен өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы істерді қарау қалдырылды. Мұндай өзгеріс алқабилер қатысатын істердің күрт төмендеуіне келді: жылына шамамен 50-60 іске түсті, деді Әбдірашид Жүкенов.

Келесі жылдан бастап алқабилердің қатысуымен аса ауыр қылмыстардың 31 құрамы қарала бастайды.

Бұл заң жобасы алқабилердің соттылығын кеңейтуді және 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап оларға тағы 13 ауыр қылмыс құрамын беру ұсынылып отыр.

Атап айтсақ, олар адамның дене мүшелерін заңсыз алу, азаптау, рейдерлік әрекеттер, медициналық қызметкердің әрекетінен абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтыру, ауыр салдарға әкелген балық пен басқа да су жануарларын заңсыз аулау, ауыр салдарға әкелген заңсыз аң аулау, көлік құралын басқарғанда абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы, көлік құралын мас күйде басқарып, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы, көлік құралын басқару құқығынан айырылған жағдайда және мас күйде көлік басқарғанда адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы.

Жалпы алғанда алқабилер сотының соттылығына 44 құрам жатады. Алқабилер сотының соттылығын кеңейте сот жүйесін демократизациялауға ықпал етеді және қоғам тарапынан сотқа деген сенімді едәуір арттырады.

Қарау нәтижесінде депутаттар түзетулерді қолдады. Осылайша, заң қабылданды деп есептеліп, мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

7 − 1 =

x
2024-02-23
Утром-25.61 ℃
Днем-14.38 ℃
Вечером-16.83 ℃
Ночью-22.89 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1040
Скорость ветра2.42 м/с
2024-02-24
Утром-24.34 ℃
Днем-13.97 ℃
Вечером-16.17 ℃
Ночью-20.67 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра2.73 м/с