«БҚО кәсіпорындары электр энергиясын тұтыну шектелмейді» – облыстық энергетика және ТКШ басқармасы
Біздің облыс ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр энергиясын тұтынуына шектеу енгізе отырып, Солтүстік, Оңтүстік, сондай-ақ қазақстандық энергожүйенің Батыс аймағы бойынша электр энергиясының тапшылығына байланысты «KEGOC» АҚ жариялаған «Апаттық» режиміне сәйкес электр энергиясын авариялық пайдалану аймағына кірген жоқ.

БҚО бойынша энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Миржан Нұртазиев біздің өңірде электр энергиясын авариялық пайдалану режимі енгізілмегенін хабарлады.
«БҚО – дағы ірі кәсіпкерлік субъектілерінің ешқайсысы қазіргі уақытта электр энергиясын тұтыну көлемінде ажыратылмаған және шектелмеген», – деп түсіндірді облыстық энергетика басқармасының басшысы.
Айта кетейік, өткен аптаның соңында «KEGOC» АҚ ресми сайтында пресс-релиз орналастырылды – онда 2022 жылдың желтоқсанында Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде (БЭЖ) энергия тұтынудың едәуір артқаны байқалады.
Мәселен, 2022 жылғы 7 желтоқсанда қазақстандық энергожүйенің бүкіл тарихында тұтынудың тарихи максимумы – 16 459 МВт тіркелді, бұл ретте елдің электр станцияларының жиынтық генерациясы тек 15 203 МВт құрады. Электр энергиясының тапшылығы ресейлік электр жүйесінен жоспардан тыс ағындар есебінен жабылды.
Бұл ретте «KEGOC» АҚ электр энергиясы мен қуатқа деген қажеттілікті жабу үшін генерацияның жүйелі жетіспеушілігі ҚР электр станцияларында жиі авариялық және жоспардан тыс жөндеу салдарынан туындайтынын түсіндірді.
Елеулі теңгерімсіздіктер жағдайында Жүйелік оператор Қазақстанның БЭЖ-нің сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр энергиясын тұтынуына шектеу енгізе отырып, қазақстандық энергожүйенің Солтүстік, Оңтүстік, сондай-ақ Батыс аймағы бойынша «Апатты» режимін жариялауға мәжбүр.
Бұл ретте халықтың электр энергиясын тұтынуын шектеу көзделмеген.
Людмила КАЛАШНИКОВА