БҚО-да келесі жылы нелер салынады

Облыста үйлер, мектептер мен әлеуметтік нысандар салу жоспарлануда.

«ОА» мұрағатынан

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев әкімдіктегі жұмыс кеңесі барысында келесі жылы өңірде «Жайлы мектеп» пилоттық жобасын енгізу басталатынын айтты. 18 мектеп салынады, оның 13 – і Орал қаласында, қалғандары аудандарда. Олардың жобалық қуаты 18 мың орынды құрайды.

2024 жылы осы жоба аясында 8100 орындық тағы тоғыз мектеп салынбақшы, 2025 жылы өңірде тағы тоғыз жаңа мектеп пайда болады.

– Құрылыс-монтаждау жұмыстарына жалпы 101,6 миллиард теңге бөлінді. Оның 18 миллиарды келесі жылы игеріледі. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 2025 жылға дейін БҚО ауылдық жерлерінде 50 медициналық-санитарлық нысан, оның ішінде дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салуды жоспарлап отырмыз. 2023 жылға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге біз 236 миллион теңге сомасына бюджеттік өтінім жібердік, оның ішінде Ақжайық шағын ауданында 16 орындық облыстық кардиоорталық, 18 орындық облыстық перинаталдық орталық, 440 орындық көп бейінді аурухана, сондай-ақ, Зачаганск кентіне емхана салу үшін, – деді Әлібек Антазиев.

Ведомство басшысының айтуынша, 2023 жылы төрт әлеуметтік нысандағы жұмыстар басым жобалар болып табылады. Бұл Облыстық патологиялық-анатомиялық бюроның құрылысы (мәйітхана), Круглоозерное кентіндегі әлеуметтік қызметтер орталығы үшін жаңа ғимарат және Переметное және Подстепное кенттеріндегі екі модульдік өртке қарсы депо. Оларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен үш миллиард теңге қажет болады, тиісті бюджеттік өтінім жолданды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-17
Утром17.14 ℃
Днем26.06 ℃
Вечером21.23 ℃
Ночью17.33 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.77 м/с
2025-06-18
Утром15.64 ℃
Днем23.69 ℃
Вечером22.71 ℃
Ночью17.23 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра6.93 м/с