Келер жылы киік атуға рұқсат беріле ме – министрдің жауабы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет кулуарында киіктердің санын реттеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Бүгін біз ақбөкендерді алып қоюға(?) мораториді ұзарту туралы ұсыныспен ақпарат жібердік. Егер біздің ұсынысымыз қолдауға ие болса, онда 2023 жылдың соңына дейін ақбөкендерді алуға тыйым салынады. Яғни, келесі жылы ақбөкендерді атпаймыз», – деді Серікқали Брекешев.
Еске салсақ, шілдеде Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында киік қазақ үшін киелі екенін, оны реттеу мәселесіне ойлы түрде келу керектігін ескертті. Осы жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмаған экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешовке сөгіс жариялады.
Көп ұзамай Серікқали Брекешев Қазақстанда киік санын реттеу үшін терең ғылыми зерттеу жұмысы басталатынын мәлімдеген. Ол бұл жұмыс бірнеше жылды қажет ететінін айтты.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: БҚО-да киіктердің саны 800 мыңға жетті. Оларды атуға рұқсат ете ме?
Қазақстанда киіктерге спорттық аң аулауға рұқсат берілмек
Киіктерді атумен экология министрлігі айналысады
Күзде Қазақстанда ақбөкендердің санын қысқартуды бастайды-Экология министрлігінің басшысы