Қазақстанда дәрігерлік қателіктер үшін жазаны жеңілдету жоспарлануда

Жұмыс барысында адам өліміне әкеп соқтырған іс-әрекеттері үшін медицина мамандарын жазалау шаралары жеңілдеуі мүмкін. Бүгін Мәжілісте «Денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пациентке ауырлығы орташа зиян келтiрілсе, 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады, қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады.

Адамға ауыр зиян келтiрілсе, 3000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу көзделген. Дәрігердің кінәсінен пациент қайтыс болса, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Басқа адамға «АИТВ» жұқтыруға әкеп соққан іс-әрекеттері үшін 5 жылға дейін «бас бостандығын шектеу» жазасы енгізілмек, деп жазады qazaqstan.tv.

Денесіне орташа немесе ауыр жарақат алып келетін болса, міндетті түрде қылмыстық қудалау органымен қылмыстық іс қозғалады. Тергеледі, сараптама тағайындалады. 317-баптың 3-4-ші бөліміне келер болсақ, кісі өліміне алып келетін зардаптар, бұл жерде біздің позициямыз нақты. Бұл жерде жария түрде қылмыстық іс жүргізілу керек. Себебі адам өмірі – мемлекетіміздің құндылығы. Кез келген факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті бағасын алу керек.Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары.

Сонымен қатар енді дәрігерлерден зардап шеккен науқастарға өтемақы төленуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 2018-2020 жылдары жеке және заңды тұлғалардан 14 123 өтініш түскенін айтты. Оның ішінде жыл сайын 300-ге жуық іс медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауына қатысты қозғалады. Адам өлімі көбіне хирургияда, оның ішінде акушер-гинекологияда, жарақат алу бөлімдерінде және анестезилогияда тіркеледі, – деді министр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-11
Утром19.95 ℃
Днем28.17 ℃
Вечером28.59 ℃
Ночью21.09 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра4.91 м/с
2024-09-12
Утром17.5 ℃
Днем27.18 ℃
Вечером24.35 ℃
Ночью17.74 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра7.11 м/с