Екі жылға созылған «Кублей ісі» бойынша сот отырысы 22 желтоқсанда өтеді

Батыс Қазақстан облысындағы «Кублей» консерві зауытының Орал қаласы әкімдігі үстінен түсірген шағымы бойынша келесі кезекті отырысы ертең, 22 желтоқсанда өтеді.

коллаж: orda.kz

23 қарашада Орал қаласы мамандандырылған экономикалық соты тараптардың ымыраға келуі үшін өндірістік істі тоқтатқан болатын. Алайда, бұған зауыт өкілдері наразылық білдіріп, судьяның әрекетіне заңсыз деп баға берді. Осыған орай, шағымданушы тараптың адвокаты Бақытжан Базарбек мән-жайды түсіндіріп, пікір білдірді.

Адвокаттың айтуынша, «Кублей» ЖШС соңғы сот отырысынан кейін Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың үстінен шағым түсірген. Ол шағымды жоғары тұрған апелляциялық сот алқасы қарайды.

«Бұл шағымды біз судьяның барлық дәлелдемелерге қарамастан, сот шешімін шығарудың орнына тараптарды ымыраға келтіру үшін өндірістік істі тоқтатып тастағаны үшін түсірдік. Бұл – заңсыз. Азаматтық іс жүргізу кодексінде пікірталастан кейін соттың шешім шығару керегі анық жазылған. Алайда, судья мұны есепке алмай, материалдарды Үкіметке қайта жолдап отыр. Мақсат – Үкіметтің ұстанымын білу шығар, бірақ мұндай норма да Азаматтық іс жүргізу кодексінде жоқ», – деп түсіндірді Бақытжан Базарбек.

Сондай-ақ, адвокат Үкімет ведомстволары, атап айтқанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті мен Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жоғары соттың кассациялық сот алқасының сұрауы бойынша ақпаратты биыл сәуір айында-ақ жолдағанын айтты.

Бақытжан Базарбек ұсынған бұл құжаттарда Индустрия министрлігінің құзырлы комитеті Орал қаласы сәулет және қала құрылысы бөліміне тексеру жүргізгені және оның барысында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР заңының бірқатар талабы бұзылғанын анықтағаны жазылған. Атап айтқанда, Орал қаласында тұрғын үй құрылысы салынған жер учаскесі өндірістік аумаққа жататыны және мұндай өндірістік және санитарлық-қорғау аймақтарында тұрғын үй, қонақ үй, жатақхана, мектепке дейінгі және жалпыға білім беру, емдеу-сауықтыру мен демалыс, сондай-ақ спорт нысандарын салуға тыйым салынатыны баяндалған.

«Алайда, Бас жоспардың талаптарын ескерместен, Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 24 қазандағы №2448 қаулысымен «Циолковский көшесіндегі тұрғын үйдің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы» бекітіліп, онда тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттар салу жобаланған. Осылайша, бұл – Орал қаласы әкімдігі тарапынан заңсыз егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу арқылы қолдан жасалған жағдай» делінген Индустрия министрлігінің қорытынды хатында.

Дереккөзі: Іnformburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-06-18
Утром23.47 ℃
Днем35.81 ℃
Вечером27.14 ℃
Ночью27.6 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра10.21 м/с
2024-06-19
Утром20.67 ℃
Днем30.5 ℃
Вечером29.48 ℃
Ночью22.34 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра7.16 м/с