«Кублей ісі»: Тараптардың ымыраға келмеуіне байланысты сот ісі қайта жалғасады

Бүгін Оралда «Кублей» ЖШС кәсіпорны тарапынан Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың үстінен түскен шағым бойынша апелляциялық сот алқасының отырысы өтті. Оған судья Айгүл Маштақова, «Кублей ісі» бойынша арызданушы мен жауап беруші және үшінші тарап өкілдері қатысты.

«ОА» мұрағатынан

23 қарашада Орал қаласының соты «Кублей ісіне» қатысты өндірістік істі тараптардың ымыраға келуі үшін тоқтатты. Алайда тараптардың өздері ымыраға келу туралы өтініш бермегендіктен, олар соттың шешіміне наразылық білдіріп, апелляциялық сот алқасына шағымданған болатын.

Судья Айгүл Маштақова сот отырысын ашқаннан кейін тараптардың пікірін білу мақсатында олардың өкілдеріне сөз берді. Алғашқы болып сөз алған «Кублей» ЖШС адвокаты Бақытжан Базарбек Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың тараптарды ымыраға келуі үшін өндірістік істі тоқтатып тастауын заңсыздық деп атады. Оның сөзінше, Азаматтық іс жүргізу кодексінің талаптары бойынша пікірталастан кейін соттың өндірістік істі тоқтатуға құқығы жоқ. Ол шешім шығаруы қажет.

«Кублей» тарабының ұстанымын жауап беруші және үшінші тараптар да қолдап, судья Жорабаевтың өндірістік істі тоқтату жөніндегі шешімін жоққа шығарып, сот ісін қайта жалғастыруды, сәйкесінше, сот шешімін шығаруды талап етті.

Тараптардың пікірімен танысқан судья Айгүл Маштақова ақылдасудан кейін өз шешімін жария етті. Оның айтуынша, судья Жорабаевтың әрекетінде заңсыздық деректері жоқ. Мәселені бейбіт жолмен шешуге ынталандыру мақсатында судья өндірістік істі тоқтатуға құқылы. Алайда бұл жағдайда судья өндірістік істі 10 жұмыс күніне ғана тоқтата алады.

«Бұл мерзім аяқталды. Тараптардың ымыраға келіп, мәселені бейбіт жолмен шешуге қарсы екеніне менің көзім жеткендіктен, сот ісі әрі қарай жалғасатын болады», – деп қорытындылады судья Айгүл Маштақова.

Дереккөзі: Іnformburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром19.09 ℃
Днем28.56 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.15 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.77 м/с
2025-07-18
Утром19.22 ℃
Днем29.16 ℃
Вечером28.27 ℃
Ночью22.02 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.68 м/с