Ипотека, автокредит, бөліп төлеу. Қазақстандықтар қандай несиені жиі алады?

Қазақстанда тұтынушылық несиелер көлемі жыл басынан бері 25%-ға өскен.

© коллаж: Әсел Балтақызы

Қазақстандықтардың алған тұтынушылық несиелерінің жалпы көлемі Ұлттық Банктің деректері бойынша 13,4 трлн теңгеге жетті, деп хабарлады Jusan Analytics.

Жыл басынан бергі өсім 2,6 трлн теңгені немесе 25%-ды құрады. Ал өткен жылғы өсім 3,2 трлн теңгеге немесе 43%-ға жеткен.

Бөліп төлеу

Инфографика: Jusan Analytics

Қазір ел арасында бөліп төлеуге болатын тұтынушылық несиелер өте танымал болуда. 2022 жылдың 3-тоқсанында кепілзатсыз тұтынушылық несиелерге деген сұраныс 10%-ға өсті. Ал өтінімдердің жалпы саны 12 млн дананы құрап, тарихи рекордтық көрсеткішті жаңартты. Бұған халықтың тұтынушылық шығындарының артуы себеп болды.

Осы ретте өтінімдердің саны артқанымен мақұлдау деңгейі 38% деңгейінде қалып отыр. Яғни, банктер келіп түскен 10 өтінімнің тек 3-4-ін ғана мақұлдайды деген сөз. Кепілзатсыз тұтынушылық несиелерге деген өтінімдердің орташа сомасы да 17%-ға артып, 669 мың теңгені құрады (Қазақстан бойынша орташа жалақыдан 2,2 есе жоғары). Бұл жалпы инфляцияның шекті деңгейіне сәйкес келеді.

Ипотека

Инфографика: Jusan Analytics

Соңғы 2 жылда сұраныстың артуы салдарынан ипотекалық несиелер портфелі 2 есеге артты. Алайда банктер тарапынан мақұлдау деңгейі керісінше төмендеп жатыр. 2022 жылы орташа мақұлдау деңгейі 43%-ды құрады. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде орташа мақұлдау деңгейі 76% болған еді. Тұрғын үй бағасы озық түрде өсіп, ал халықтың нақты табыстарының өсімі төмен болып тұрған шақта өтінімдерді мақұлдау деңгейі төмендеуде.

Автокөлік сатып алуға несиелер

Инфографика: Jusan Analytics

Үшінші тоқсанда автокөлік сатып алуға арналған несиелерге деген сұраныс арта түсті. Дегенмен банктер тарапынан мақұлдау деңгейі төмен екендігін байқаймыз. 2022 жылы орташа мақұлдау деңгейі 11%-ды құрады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-14
Утром21.42 ℃
Днем26.94 ℃
Вечером31.66 ℃
Ночью20.1 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра4.56 м/с
2025-07-15
Утром18.68 ℃
Днем28.74 ℃
Вечером30.78 ℃
Ночью23.7 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра5.7 м/с