БҚО-да алты сүт фермасы ашылады

Батыс Қазақстан облысында 6 сүт фермасын ашу жоспарланып отыр. Тиісті басқарма өкілдері бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы басталатынын айтты, деп ақпарат таратты «Хабар 24» телеарнасы.

Көрнекі сурет

Жергілікті шаруалар өңірді сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге қауқарлы екендерін айтты. Қазір аймақтағы дүкн сөрелерінде импорттық өнім басым.

«Өз кәсібімді ет шаруашылығынан бастағанмын. Бірақ, жергілікті жағдай сүт шаруашылығына көбірек икемді. Қазір қала маңындағы ауылда иелігімде 100-ге жуық асыл тұқымды сиыр бар. Қыс уақытында 25 сиыр сауылады. Тәулігіне 500 литр сүт сауылады және барлық шаруа адам күшімен орындалады», – дейді шаруа Эльдар Әлиев.

Оның айтуынша, үй өнімі қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Шаруа қожалығы қаладан бірнеше дүкен ашқан. Ол жақта сүт қана емес, ірімшік, сүзбе, қаймақ, сарры май мен айран да сатылады. Ауыл тұрғыны отандық өнім импорттың орнын алмастыра алатынына сенімді.

Айта кету керек, былтыр өңірде «сүт белбеуін» дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Жоба аясында шаруаларға жеңілдетілген кредит ұсыну арқылы сүт-тауар фермаларын салу көзделіп отыр.

«Ресей мен Беларусьтен жеткізілетін сүт өнмідері импортын қысқарту жобаның мақсаты болып табылады. Жоба бойынша 6 сүт-тауар фермасы қарастырылған. 4 процент бойынша кредит беріледі. Жұмыстар келесі жылы басталады. Екі жыл ішінде жобаны жүзеге асырамыз», – деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов.

Өңірде мал шаруашылығына басымды бағыт берілген. Егер, 10 жыл бұрын облыста небәрі 80-ге жуық агроқұрылым болса, қазір олардың саны 800-ге жетті. Ауыл шаруашылығын қолдауға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы көлемі де артты.

Биылғы жылы бұл мақсатқа 22 миллиард теңге бөлінді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-06-14
Утром22.29 ℃
Днем30.51 ℃
Вечером32.79 ℃
Ночью26.3 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.86 м/с
2024-06-15
Утром22.89 ℃
Днем31.8 ℃
Вечером24.16 ℃
Ночью26.67 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.67 м/с