Оралда сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған

Оралдағы «City Center» сауда-ойын-сауық орталығына келуші әйел траволатордан жарақат алды. Оқиғаға қатысты СОО әкімшілігі түсініктеме берді

Көрнекі сурет

Оқиға 25 желтоқсанда сауда ойын-сауық орталығында болған. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметіне қарағанда, қоңырау сағат 10.03-те түскен.

«Оң аяғының үштен бір бөлігі жыртылып, жарақаттанған 1982 жылғы әйел облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Аяғы эскалаторға қысылып қалған», – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Бұл ақпаратты полиция да растады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға келушінің өз абайсыздығынан болған. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», – деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сауда орталығының әкімшілігі траволаторда (жаяу жүргіншілер мен олардың тауарларын жылжытуға арналған жылжымалы жол) болған оқиғаның егжей-тегжейін айтты.

«Таңғы сағат 10-да әйел траволаторды басып (аяғымен) құлап түседі. Анықталғандай, кеше түнде траволаторды келісімшарт бойынша техникалық қызмет көрсетумен айналысатын компания жөндеп жатқан, бірақ олар ауыстырған баспалдақтың біреуінің орнын жаппаған»,– деп түсіндірді сауда орталығының бас инженері Антон Соробян.

Оның айтуынша, әйел баспалдақ жоқ жерді басып қалып, жарақат алған.

«Біз бұған дейін өз күшімізбен қызмет көрсететінбіз, бізде штаттық қызметкерлер болатын және мұндай жағдай болған емес. Ал енді, бұл компания біздің бөлімшелерге бір айдан сәл астам уақыт қызмет етеді және осындай қателік жіберуде», – деді деп қосты бас инженер.

Ол қызметкерлердің бірі зардап шегушінің аяғының қысылып қалғанын байқап, бірден жолды тоқтатқанын баса айтты.

«Адамдар бұл қауіпсіз агрегат деп ойлайды, бірақ бұл механизмдер, бұл темір, кез келген жағдай болуы мүмкін. Адамдар аяқ астына қарамай, жүре береді, тіпті жол бойымен жүру де қауіпті, телефонға емес, аяқтың астына қарау керек, сондықтан әйел адам траволатордағы бір баспалдақтың жоқтығын байқамады», – деді Соробян.

Ол мұндай оқиғалар бұрын-соңды болмағанын айтты. Жәбірленушіге сауда орталығының өзінен де, оларға эскалаторлар бойынша қызмет көрсететін мердігер ұйымнан да көмек көрсетіледі. Қазіргі кезде мәселе шешілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-11-07
Утром-9.87 ℃
Днем-4.1 ℃
Вечером-2.26 ℃
Ночью-2.12 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4.44 м/с
2024-11-08
Утром-1.58 ℃
Днем0.32 ℃
Вечером-0.18 ℃
Ночью-0.07 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.43 м/с