Алматыда бір топ белсенді алдағы мәжіліс сайлауына «Алтыншы қаңтар» тәуелсіз блогымен баратынын мәлімдеді

Баспасөз жиынына тәуелсіз бақылаушы Арайлым Назар, тәуелсіз заңгер Әлнұр Ильяшев, журналистер Динара Егеубаева мен Думан Мұхаммедкәрім қатысты. Олар тәуелсіз блоктың 2023 жылы өтетін мәжіліс сайлауына қатысатынын мәлімдеді.

Ольга ЛОГИНОВАНЫҢ суреті

– Мұны сайлауға қатысуға ерте дайындық деуге болмайды. Біз керісінше 30 жылға кешіктік. Сайлау алдағы жылдың алғашқы жартысында өтетіні анық, сондықтан қазірден бастап дайындалуды жөн көрдік,- дейді Думан Мұхаммедкәрім.

Белсенділердің сөзінше, «Алтыншы қаңтар» тәуелсіз блогын қолдаушылар Қазақстанның өзге де өңірлерінде бар.

Заңгер Әлнұр Ильяшев тәуелсіз блок алдағы мәжіліс сайлауында «өз-өзін ұсынатындарға көмектесуге дайын екенін» айтты.

Қазақстан билігі парламент мәжілісі мен мәслихатттар сайлауы 2023 жылдың алғашқы жартысында өтетінін хабарлаған. Жаңа заң бойынша, келесі мәжіліс депутаттары партиялық тізім бойынша да, бір мандатты округ бойынша да сайланады. Қазіргі мәжіліс тек қана партиялық тізім бойынша сайланған.

Дереккөз: Аzattyq

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-06-19
Утром20.43 ℃
Днем30.49 ℃
Вечером29.41 ℃
Ночью21.87 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра8 м/с
2024-06-20
Утром19.17 ℃
Днем27.4 ℃
Вечером27.96 ℃
Ночью22.28 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра5.48 м/с