Қазақстандықтарға оң рульді көліктерді заңдастыруға мүмкіндік беріледі

Қазақстандықтар оң рульі бар шетелдік көліктерді бір рет заңдастыратын болады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сурет: pixabay

Тиісті мәселені Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұрлан Бекназаров көтерді. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда оң рульді көліктердің жүруіне заңнамалық тыйым салынған. Сонымен қатар, кейбір азаматтар оң рульді шетелдік нөмірлі көліктерді әкеліп, қазір тіркей алмай жатыр.

Бұл ретте ол Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмасына сай, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген және мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді заңға сәйкес бір реттік заңдастыру міндетін қойғанын еске салды.

«Бүгінгі күні мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты біз көлік құралдарын біржолғы тіркеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз, жақында ғана оң рульді көліктер бір реттік заңдастыруға енгізілетіні туралы тиісті түзетулер енгіздік. Қазір мұндай көліктердің саны 20 мыңға жуық», деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.

Бұған дейін ІІМ көлікті бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге төлейтінін айтқан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-10
Утром-11.03 ℃
Днем-5.21 ℃
Вечером-7.71 ℃
Ночью-10.29 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра4.43 м/с
2025-02-11
Утром-11.01 ℃
Днем-7 ℃
Вечером-8.99 ℃
Ночью-10.47 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра3.41 м/с