Батыс Қазақстанда 60 ауыл мәртебесінен айырылды

Батыс Қазақстан облысында соңғы он жылда 60 елдімекен ауыл мәртебесінен айырылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Фото ашық көзден

Халқы үдере көшіп, үй саны күрт азайып кеткен. Ауылдық ағайынның қалаға ағылуына жұмыссыздық пен инфрақұрылымның нашарлығы себеп болыпты. Тағы 49 елдімекенге осындай қауіп төніп тұр.

Бір кездері бірлігі бекем, тірлігі тиянақты болған Кожевников ауылының қазір сыйқы қашты. Қаз-қатар тізілген үйлер қаңырап бос қалған. Қүтімі болмаған соң, қирап жатыр. Сатып алуға ешкім құлық танытпапты, өйткені инфрақұрылымы жоқ ауылға жан баласы көшіп келгісі келмейді.

Елдімекенде кейінірек құрылған қос агроқұрылымды қоспағанда, байырғы тұрғындардан жалғыз отбасы ғана қалған. Алпысты алқымдаған Виктор Агафонов бұл ауылдың халқын түгел таниды. Өзі осы ауылда туып-өскен. Жас кезінде кеңшарда тракторшы болып еңбек етіпті. «Ол уақытта ауылдастардың барлығы тұрақты жұмыспен қамтылған еді» дейді қария.

Кезінде бұл ауылда 150 шақты үй болған деседі. Инфрақұрылымның жоқтығы мен жұмыссыздық ауылдың тоз-тозын шығарды. Облыста қазір 49 елдімекен осындай хәлде. Олар «ауыл» мәртебесінен айырылуы мүмкін.

«Заңнама бойынша ауыл статусы болу үшін ауылдағы тұрғындардың саны 50 адамнан кем болмауы тиіс. Жаңағы 49 ауылдық елдімекеніміз 3 жыл ішінде тұрғындарының саны 50-ден көбеюі керек немесе жергілікті билік олар бойынша шешім қабылдап, оларды дербес есептен шығаруы керек. Соңғы он жыл ішінде біздің облысымыз бойынша 60 ауыл өзінің «ауыл» статусынан айырылды. Бұған қоса ауылдық округтер саны да қысқартылуы мүмкін. Өйткені бірқатар елдімекен ауыл мәртебесінен айырылған жағдайда құрамында әкімшілік орталығы ғана қалатын округтер бар. Ал заң бойынша ауылдық округте кемінде 2 ауыл және 500-ден астам тұрғын болуы шарт», – дейді облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының бөлім басшысы Райса Еркеғалиева.

Өңірде мұндай талапқа сәйкес келмейтін 26 әкімшілік аумақ тіркеліп отыр. Енді олар берілген мерзім ішінде қайта оңалмаса, мәртебесінен айырылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-06-18
Утром23.47 ℃
Днем35.81 ℃
Вечером26.12 ℃
Ночью26.99 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра10.21 м/с
2024-06-19
Утром20.43 ℃
Днем30.49 ℃
Вечером29.41 ℃
Ночью21.87 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра8 м/с