Электр энергиясының бағасы 2023 жылдан бастап өседі

Тарифтік бағдарлама 7 жылға арналған.

Көрнекі сурет

2023 жылы тарифтердің бағасы өседі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенат кулуарында айтты.

«Тарифтік бағдарлама жеті жылға арналған. Келесі жылы оның бір бөлігі өседі. Мүмкін 20 пайызға, мүмкін 30 пайызға. Жалпы республика бойынша емес, объектіге байланысты», – деді Әлібек Қуантыров.

Министр бұл ретте әлеуметтік мәселелер ескерілетінін айтты.

«Табиғи монополиялар субъектілері бойынша, әр өңір бойынша тарифтерді көтеру туралы ұсыныстарын қараймыз. Қоғамдастықпен жан-жақты талқылаймыз. Тек субъектілердің мүддесін, тек салалық мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ғана емес, жалпы әлеуметтік мәселелерді назарға алып, қараймыз. Мысалы, Екібастұзда субъект тарифті екі жарым есе көтеруді ұсынды. Әрине, ол мүмкін емес», – деп қосты министр.

Министр бұл ретте субъектілерге өз жұмысын, желілерді модернизациялау керек екенін айтты. Бұл туралы президенттің сайлауалды бағдарламасында тозу көрсеткішін 15 пайызға төмендетуді тапсырылғанын еске салды. Әлібек Қуантыровтың есебінше, министрлік оны шамамен 15-20 пайызға төмендетуді жоспарлап отыр.

Дереккөзі: Іnformburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-22
Утром-11.49 ℃
Днем-14.03 ℃
Вечером-17.3 ℃
Ночью-20.33 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра8.59 м/с
2025-01-23
Утром-19.1 ℃
Днем-14.7 ℃
Вечером-14.13 ℃
Ночью-13.62 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра5.65 м/с