Қазақстанда 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталады

Декларацияға мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен олардың жұбайы, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайы кіреді.

Сурет: freepik

Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері (мектеп, балабақша, аурухана, емхана қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер және т.б., яғни бюджет есебінен жалақы алатын барлық қызметкер) жатады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар, ЖШС, АҚ, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болатын ұлттық холдингтер, олардың еншілес, тәуелді ұйымдары және басқа да заңды тұлғалар жатады).

Декларацияны екі кезеңде тапсыру мерзімдері:

  • қағаз түрінде – 2023 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;
  • электрон түрінде – 2023 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

Жалпыға бірдей декларация Қазақстанда төрт кезең бойынша жүзеге асып жатыр. Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларацияның бөлігі ретінде декларацияны:

  • жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайы;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және олардың жұбайы;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайы;
  • «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы». «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация беруге міндетті тұлғалар.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайы декларацияға жатады.

Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қалған санаттағы азаматтар декларациялануға жатады.

Дереккөзі: zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-12
Утром10.69 ℃
Днем18.51 ℃
Вечером18.5 ℃
Ночью16.46 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра4.75 м/с
2025-05-13
Утром12.79 ℃
Днем21.85 ℃
Вечером22.38 ℃
Ночью17.64 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.24 м/с