Оралда бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңкеде жұмыс берушілерімен тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналасу бойынша сұхбаттаса аласыз.

Құрметті облыс тұрғындары!
Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІН өткізеді.
Жәрмеңке 2022 жылғы 29 желтоқсан сағат 10:00-13:00 аралығында Орал қаласы, Зашаған кенті, М.Мөңкеұлы 114, «Жекпе-жек» спорт кешенінде өтеді.
Жәрмеңкеде Сіз облысымыздың, Орал мен Ақсай қалаларының ірі жұмыс берушілерімен тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналасу бойынша сұхбаттаса аласыз, мамандардан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқыту бойынша кеңес ала аласыз.
