Зейнетақы салымшылары өз активтерін басқаруда көбірек құқықтарға ие болады

Зейнетақыны өз жинақтары есебінен қалыптастыратын болашақ зейнеткерлер үшін қосымша жұмыс берушілердің зейнетақы жарнасы енгізіледі.

Көрнекі сурет

– Әлеуметтік кодекске салымшылардың өз активтерін басқарудағы құқықтарын кеңейту бойынша өзгерістер енгізілуде, деп хабарлады бүгін мәжілісмендерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет сағаты аясында.

Оның айтуынша, белгіленген жеткіліктілік шектен зейнетақы жинақтарын азаматтар тек емделуге және тұрғын үй сатып алуға жұмсайтын болады. Салымшылар қалған немесе барлық жинақталған соманың 50%-дан аспайтын зейнетақы жинақтарының бөлігін активтерді басқару жөніндегі компанияға беруге және ол компанияны өздері таңдауға құқылы болады.

«Зейнетақыны өз жинақтары есебінен қалыптастыратын болашақ зейнеткерлер үшін қосымша жұмыс берушілердің зейнетақы жарнасы енгізіледі. Бұл жарна қолданыстағы заңда көзделген шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі үшін база қалыптастырады. Осылайша бұл топтағы азаматтар зейнеткерлік жасына жеткенде қазіргі зейнеткерлер секілді зейнетақының 3 түрін алатын болады: мемлекет есебінен – базалық зейнетақы; жұмыс берушілер есебінен – шартты-жинақтаушы зейнетақы; өз жинақтары есебінен – жинақтаушы зейнетақы», – деді министр.

Бұл ретте зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік тек Ұлттық банк басқаратын жинақ бөлігіне ғана берілетінін атап өту қажет. Ал жеке басқаруға берілген зейнетақы жинақтарының сақталуына және оның табыстылығына салымшы таңдаған компания жауапты болады. Сондықтан әрбір салымшы басқару жөніндегі жеке компанияны таңдаған кезде ықтимал тәуекелдерді ескеруі қажет», – деп қосты министр.

Дереккөзі:Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-26
Утром1.32 ℃
Днем8.55 ℃
Вечером6.96 ℃
Ночью-0.01 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра6.72 м/с
2025-03-27
Утром1.25 ℃
Днем9.27 ℃
Вечером10.03 ℃
Ночью5.57 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра5.02 м/с