«Балаларды сақтаңыз» — Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жылдық ертеңгіліктер қауіпті екенін ескертеді

Респираторлық вирустық инфекциялар жиілігінің артуына және бірінші кезекте балаларға әсер ететін жұқпалы вирустардың таралуына байланысты ДСМ ата-аналарға Жаңа жылдық ертеңгіліктерден бас тартып, ойын-сауық орталықтарына бармауды ұсынады.

Фото ашық көзден

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, ковид шектеулері жойылғаннан кейін бүкіл әлемде жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау жұқтырғандардың күрт өскені байқалады. Оның үстіне бұл аурулардың эпидемиялық маусымы әдеттегіден ерте басталды.

«Бізге ғана емес, бүкіл әлемге де тән осы індеттік маусымның тағы бір айрықша белгісі – РС вирустарының: риновирустар мен рино-синцитиальды вирустардың жоғары айналымы. Ал біздің елімізде жіті респираторлық вирустық инфекциялардың зертханалық расталған жағдайларының 43%-ын риновирустар, 70%-ын рино-синцитиальды вирустар құрайды. Бұл вирустар көбінесе бес жасқа дейінгі балаларға әсер етеді. Олардың жағдайы басқаларға қарағанда нашар».Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова

Айжан Есмағамбетова әлеуметтік желілерде ауыр интоксикация және дене қызуы көтерілген балаларда ауыр РС-вирусты жұқтыру жағдайлары туралы хабарламалар легі түсіп жатқанына назар аударды.

«Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында мен ата-аналарға өтініш айтқым келеді: ЖРВИ мен тұмаудың қазіргі ағымын ескере отырып, балалардың денсаулығына баса назар аударыңыз. Адамдар көп жиналатын жерлерге барудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, балаларда ауру неғұрлым ауыр өтіп жатыр, бұл олардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты.Сондықтан, жаңа жылдық мерекелер кезінде және жалпы қаңтар айында аурушаңдық жиілеп жатқанда, балаларыңызды мектептер мен балабақшаларға, сауда орталықтарына және басқа да адамдар көп жиналатын орындарға апармаңыздар».Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова

Ол сондай-ақ балалардың ыстығын тез төмендету үшін дәрі-дәрмектерді, яғни «литикалық қоспаны» (анальгин, аспирин, дифенгидрамин- Ескерту ред.) қолданудан бас тартқан,жедел жәрдем дәрігерлерінің әрекеттеріне шағымданған ата-аналардың легін атап өтті.

Вице-министр литикалық қоспаның балалар мен ересектердегі жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауды емдеу хаттамаларынан 10 жыл бұрын алынып тасталғанын атап өтті. Өйткені оның салдарынан науқастарда асқынулар мен бүйрек жеткіліксіздігі байқалған.

Дереккөзі: zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-05
Утром-9.28 ℃
Днем-2.41 ℃
Вечером-0.01 ℃
Ночью0.22 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.21 м/с
2026-03-06
Утром-1.16 ℃
Днем0.04 ℃
Вечером-0.24 ℃
Ночью-1.31 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.47 м/с