Депутаттар тағы да қаңтардағы оқиғаларды тергеу туралы мәжілісте есеп беруді талап етті

Мәжілістің жалпы отырысында «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері Бас прокурор Берік Асыловқа «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысты сауал жолдады.

Фото ашық көзден

– Бүкіл елді дүр сілкіндірген «Қасіретті қаңтар» оқиғасына 1 жыл болды. Сол күндері халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығы мен мызғымас егемендігіне зор қауіп төнді. Қаңтар күндері Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жан-жүрегімізбен сезіндік, – деді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.

Депутат атап өткендей, қаңтардың басы Маңғыстаудан өріс алғаны белгілі. Оқиға сұйытылған газ бағасын төмендету керек деген ұранмен басталды. Басында бейбіт түрде басталған шеруді арандатушы топтар пайдаланып, оның соңы ірі қалаларда тәртіпсіздік пен қайғылы оқиғаларға ұласты.

– Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың басында белгілі саяси лауазымдағы адамдардың болғаны анық. Олар сатқындық жасап, Мемлекет басшысына елдегі ахуал туралы жалған ақпарат берді. Іштен шыққан жаулар, мұқият ойластырылған ауқымды операцияда, кәсіби дайындықтан өткен баскесер-содырларды еш тартынбастан пайдаланды. Ірі шаһарымыз аяулы Алматы мен кейбір қалаларымызда ұрыс болды. Ең сұмдығы ішкі және сыртқы жауларымыз біріге қылмыстық қимыл жасап, билікке қарсы қолдарынан келгенін істеді. Олар мемлекеттік органдарға, стратегиялық нысандарға, қару-жарақ дүкендері мен бизнеске тиесілі ғимараттарға аяусыз шабуыл ұйымдастырды. Шын мәнінде, бұл елдік пен мемлекетімізге төнген аса қауіпті сын-қатер еді, – дейді ол.

Жыл басында халық талабын ескере келе, қаңтар қасіретін ашық талқылау үшін, «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы Бас прокурорға депутаттық сауал жолдаған болатын. Ол сауалға Парламентте арнайы жауап берілді.

– Шындығын айтқанда, Мәжіліс төрінде мемлекеттік төңкеріске итермелеген оқиғаны мұндай кең ауқымды талқылау ешқашан болмаған. Құқық қорғау органдары тергеу қорытындылары туралы есеп беріп, бәрі ашық айтылды. Сол кезде бірінші рет қайтыс болған 238 адамның тізімі мен 3 мыңнан астам қару ұрланғаны хабардар етілді. Қоғамды мазалаған сұрақтарды бүкпесіз қойдық. Біріне жауап алсақ, енді кейбіріне тергеу амалдарынан соң нақты жауап айтылады делінді. Бүгінде халықтың көкейінде әлі де жауабы жоқ сұрақтар жеткілікті. Сонымен «Мұны ұйымдастырған кімдер, өйткені барлық өңірде бір мезгілде толқулар басталды және қаскөйлердің негізгі мақсаты не болды?», «Қаңтар оқиғасы қандай зақымдар мен шығындар келтірді?», «Лауазымдық міндеттерін атқару кезінде қайтыс болған және зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік жағынан қорғау, кездейсоқ қаза болған азаматтарымыздың жақындарына көмек көрсету бойынша қандай жұмыстар жүргізілді?» деген сауалдар ел ішінде айтылып жүр, – деп айтты Жаңбыршин.

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері бүгінгі күні болған оқиға бойынша толық түсінік қажет екенін айтты.

– Елді ыдырату үшін жасалған опасыздардың жүйелі қимылы, қырағы дайындығы туралы тек қана болжамдар бар. Ашығын айтсақ, қазір қоғамда түрлі қауесет тарап жатыр. Бұл ахуал жалған түсінік қалыптастырып, фейк ақпараттардың тарауына зор ықпалын тигізіп отыр. Сондықтан құқық қорғау органдары тергеу амалдарының қорытындысына сүйенген, оқиғаның бірізді мән-жайы ашық айтылып, оның әділ бағасы берілуі керек деп санаймыз. Көтерілген мәселенің маңыздылығын ескере келе, тиісті күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдар, жылдың басында Мәжілістің алғашқы жалпы отырысына келіп, жоғарыда айтылған және басқа да сауалдарға бүкпесіз ашық жауап беруі қажет. Бұл халықтың талабы, – деді депутат Еділ Жаңбыршин.

Дереккөзі: Вaq.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-11
Утром-7.86 ℃
Днем-6.08 ℃
Вечером-4.84 ℃
Ночью-5.26 ℃
Влажность54 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра5.8 м/с
2025-12-12
Утром-3.07 ℃
Днем-1.22 ℃
Вечером0.33 ℃
Ночью-0.21 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.52 м/с