2023 жылдың басында Үкіметте ауыс-түйіс болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенатта сөйлеген сөзінде Жаңа жылдың басында Үкіметте бірқатар кадрлық өзгерістер жасау жоспары бар екенін хабарлады.

Сурет: akorda.kz

«Мен жақында өткен үкімет отырысында бұл мәселе бойынша нақты айттым. Еліміз үшін өте маңызды бірқатар мәселе бойынша үкімет лайық белсенділік көрсетіп отырған жоқ, шешімдерін баяу қабылдап жатыр. Үкімет осы олқылықтарды түзету үшін әрекеттерін қолдануда, таяу арада оның жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын. Премьер-министрдің ұсынысы бойынша жаңа жылдың басында үкіметте бірқатар кадрлық өзгерістер жасамақшымын. Жалпы үкіметтің алдында тұрған мақсаттар – өте ауқымды және өзекті», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзінше, адамзат коронавирус індетінің салдарын әлі де толық еңсере алмай отыр. Оған қоса, геосаяси ахуал ушыға түсті. Соның кесірінен халықаралық дағдарыс күшейді. Мұның бәрі әлем экономикасын тығырыққа тіреді.

«Біз осы күрделі жағдайда экономиканың құлдырауына жол берген жоқпыз. Өткен 11 айдың қорытындысы бойынша экономикамыз 3% өсті. Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 6,5% артты. Бұл жаман көрсеткіш емес. Бірақ жайбарақат отыруға болмайды. Біз экономиканы одан әрі дамытуға барынша күш салуымыз керек. Келесі жылы ЖІӨ өсімі кемінде 4% болуға тиіс. Ал ақшаға шаққанда алғаш рет 250 миллиард долларға жетуі қажет. Ұлттық банк пен 8кіметтің алдында тағы бір маңызды міндет тұр. Бұл – инфляцияны ауыздықтау. Тұрмысы төмен тұрғындарға оның қатты тиетіні анық. Осы мәселені шешпесек, экономиканы өркендету мүмкін емес», деді Тоқаев.

Тоқаев кадрлық өзгерістерді премьер-министрдің ұсынысы бойынша жасамақ.

Дереккөзі: Іnformburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.24 ℃
Днем16.34 ℃
Вечером15.18 ℃
Ночью13.72 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.52 м/с
2026-04-20
Утром10.08 ℃
Днем14.19 ℃
Вечером11.1 ℃
Ночью9.23 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра7.98 м/с