Күн райының қолайсыздығынан қозғалыс шектелуін ескермей жолға шыққандар 15 тәулікке қамалады

Күн райының қолайсыздығына байланысты жарияланған ескертуді елемегендер 15 тәулікке қамалады. «Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» Үкімет қаулысына осындай өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото ашық көзден

«Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңды талаптарына бағынбау фактілері анықталған жағдайларда, көлік құралдарының жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 667-бабына сәйкес шаралар қабылданады», — делінген құжатта.

Кодекстің сәйкес бабы полиция қызметкерлерінің заңды өкіміне бағынбағандарға қатысты қолданылады.

«Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот орындаушысының заңды өкіміне бағынбау, олардың қызметіне кедергі келтіру ескерту жасауға немесе 30 АЕК (91 890 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға, не 15 тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді», — деп көрсетілген Кодекстің жаңа редакциясында.

Полиция ескертпесін елемей, бір жыл ішінде осындай әрекетін қайталаған жүргізушілер 20 тәулікке дейін қамауға алынады. Ал, қамауға алынбайтындар (мүмкіндігі шектеулі адамдар) санатындағыларға 50 АЕК (152 150 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Еске салсақ, 11 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-16
Утром-14.83 ℃
Днем-12.43 ℃
Вечером-11.89 ℃
Ночью-14.53 ℃
Влажность77 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.61 м/с
2026-01-17
Утром-17.66 ℃
Днем-16.29 ℃
Вечером-19.44 ℃
Ночью-21.28 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра6.55 м/с