«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының лауазымды тұлғалары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР жүк вагон паркінің ірі операторы саналатын «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының лауазымды тұлғаларын пара алды деген күдікпен ұстады.

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тұрақты түрде пара алудың белгіленген схемасына филиалдардың қызметкерлері мен басшылары, сондай-ақ бас кеңсе бөлімшелерінің менеджерлері мен бастықтары қатысқан.

«Қоғамның және оның өңірлік филиалдарының лауазымды тұлғалары жүк вагондарының тапшылығын пайдалана отырып, кейбір жағдайларда осындай тапшылықты жасанды түрде жасай отырып, проблемаларды шешудің орнына, осы жағдайды өздерінің пайдакүнемдік мақсатына пайдаланып, яғни жүк вагондарын кедергісіз және жеделдетіп бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алғаны анықталды», деп жазады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Ақша қаражаттары лауазымды тұлғалардың немесе олардың сенімді адамдарының, оның ішінде жақын туыстарының карт-шоттарына аударылып отырған.

Ведомство өкілдері таратқан ақпаратқа сүйенсек, акционерлік қоғамның Ақмола филиалының бір ғана басшысы 2020 жылдан бастап 70 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алып, оның басым бөлігін Щучье-Бурабай курорттық аймағының ойын мекемелеріне жұмсаған.

Қоғамның Қарағанды филиалының бұрынғы және қазіргі басшылары да осындай қылмыстар жасады деген күдікке ілінгені белгілі болды.

Бұл адамдардың барлығы ұсталып, тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Сондай-ақ ақшалай қаражатты заңсыз алуда Қызылорда филиалының басшысы мен акционерлік қоғамның орталық аппаратының бірқатар қызметкері әшкереленді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Агенттік осы қылмыс бойынша басқа лауазымды тұлғалар тексеріліп жатқанын хабарлады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

4 + 15 =

x
2023-11-29
Утром-0.83 ℃
Днем0.23 ℃
Вечером-1.27 ℃
Ночью-1.98 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.21 м/с
2023-11-30
Утром-1.86 ℃
Днем1.38 ℃
Вечером-0.19 ℃
Ночью0.79 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.63 м/с