Жыл қорытындысы: «Алтын Шелек-2022»

2022 жыл мәреге жетті, ал қазақстандық саясаткерлер мен танымал тұлғалары «ауыздарынан от шашқандарын» тоқтатар емес. Orda.kz «жоғары деңгейдегі өнерімен» танымал болғандарды атап өтіп, «Алтын шелек-2022» антирейтингтік номинациясына лайықты тұлғаларды іріктеді.

1. Жыл депутаты – Мәди Ахметов

Мәди Ахметов 2019 жылдың маусым айында «Көшбасшылықтың 30 жылдығы» халықаралық ғылыми конференциясында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескеннен кейін қалың жұртшылыққа танылды. Ол Алматыдағы аттас даңғылға ескерткіш орнату туралы «ел жастарының ұсынысын» қолдауды сұрады. Хабарламадан кейін бір жыл өткен соң Мәди Ахметов Мәжіліс депутаты болып сайланды. Нәтижесінде 25 жасында ол ең жас халық қалаулысы атанды.

Қанды қаңтар оқиғасынан кейін саяси жағдай өзгерді, Мәди Ахметов те бағытын өзгертті. Ақпан айында ол Назарбаевтың өкілеттігін қысқартуға дауыс берді. Себебі, енді Тоқаевқа сыртқы және ішкі саясатты Назарбаевпен келісудің қажеті болмай қалды.

2. Жылдың ең үздік ұсынысы – «Баға ұнамаса автобуспен жүр»

2 қаңтарда Маңғыстау облысында митингі басталды. Тұрғындар көліктеріне құйылатын сұйытылған газдың бағасын 120 теңгеден 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Наразылық толқыны Қазақстанның басқа аймақтарына да таралды. 3 қаңтарда Энергетика министрлігі шақырған мұнай сарапшысы Олжас Байдельдинов наразы қазақстандықтарға баға ұнамаса, қоғамдық көлікке ауысуға кеңес берді.

Олжас Байделдинов

«Тауардың құнын, бағасын нарық анықтайды, ол жалақыға байланысты емес. Халық бұл бағаға наразы болса, қоғамдық көлікті пайдалана алады. Осы да мәселе ме?» деген болатын Олжас Байдельдинов мырза.

Ол «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы қызметін атқарды, бірақ 2022 жылдың ақпан айында ол жұмыстан кетті.

3. Жыл министрлігі – Энергетика министрлігі

Петропавл тұрғындары қазан айының ортасында жылу электр орталығынан шыққан оғаш гуілге шағымдана бастады. Шығарындылардың әсерінен олар телефонмен сөйлескен кезде ар жақтағы адамның дауысын да ести алмады. Тұрғындар жылу мәселесінен қорықты. Ал желтоқсан айының басында 16 көпқабатты үй мен 40-тан астам жеке сектордың үйі жылусыз қалды. «Солтүстікқазэнерго» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 15 жылу трассасында технологиялық бұзушылыққа байланысты үйлерде жылу шектелген.

Қазан айының соңында Риддер ЖЭО жұмысын тоқтатты. Мазут сапасына байланысты төтенше жағдай орын алды. Ол сумен араласып, нәтижесінде жылу орталығының қазандықтары уақытша тоқтатылды. 3 қарашада Риддер ЖЭО-да №3 қазандық қоқыс түсіру жұмыстары үшін тоқтатылды. 4 қарашада №2 қазандық, ал 6 қарашада №1 қазандық қосалқы жабдықтардағы ақауларды және №6 жылыту ақауларын жою үшін тоқтатылды. 22 мыңға жуық адам жылусыз қалды. Сондай-ақ, ЖЭО-ға 120 тоннадан астам мазут әкелінді. Жабдықтарды жөндеуге Қазан қаласынан келген мамандар қосылды.

27 қарашада Екібастұздағы жылу электр орталығында апат орын алып, қаланың бір бөлігі жылусыз қалды. Сыртта 30 градус аяз болып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар бірнеше көрпе астында күртеше киіп ұйықтауға мәжбүр болды.

29 желтоқсанда Екібастұз ЖЭО-да 3 ыстық су қазандығы қайтадан тоқтап қалды. Бір сағатқа жетер-жетпес уақытта электрмен жабдықтау қалпына келтіріліп, жылу жүйелерінің гидравликалық жұмысы қалпына келтірілді. Қазандықтарды кезеңімен жылыту басталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-17
Утром10.5 ℃
Днем19.99 ℃
Вечером19.3 ℃
Ночью12.85 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра6.82 м/с
2024-09-18
Утром8.15 ℃
Днем19.21 ℃
Вечером19.15 ℃
Ночью12.39 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра5.83 м/с