Қазақстанда темекі мен вейп бағаcы өсті

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда темекі бағасы 60 теңгеге қымбаттады. Енді бір қорап темекінің бағасы 650 теңгеден басталады, деп хабарлайды  Хабар 24 арнасы.

Көрнекі сурет

Қаңтардан бастап вейптердің де бағасы өзгерді. Бір миллилитр сұйықтықтың құны жеті есеге жуық, яғни 8 теңгеден 53 теңгеге қымбаттады. Болашақта бұл құрылғыларға Қазақстанда мүлдем тыйым салынуы мүмкін. Дегенмен, сарапшылар бұл тыйымға сақтықпен қарайды. Олар нарық контрафактілік өнімдерге толады деп қорқады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы қазақстандықтар 15 миллиард дана темекі мен папирос шеккен. Жыл сайын 23 000 отандасымыз шылым шегуден болатын аурулардан көз жұмған. Үкімет темекіге акциздерді көбейту арқылы онымен күресуге тырысуда.

“Неліктен біз жыл сайын акцизді көбейтеміз? Оның бір себебі – темекі өнімдерін тұтынуды азайту. Адам денсаулығына зиянын азайту. Бұл Үкіметтің міндеті. Баға туралы айтатын болсақ, Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес біздің елімізде ең төменгі баға белгіленді. 2024 жылы темекіге акциздерді қайтадан арттыру жоспарлануда», – деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі департаментінің бас сарапшысы Жазира Мыңбаева.

Қаңтардан бастап вейптердің де бағасы өзгерді. Бір миллилитр сұйықтықтың құны жеті есеге жуық, яғни 8 теңгеден 53 теңгеге қымбаттады. Болашақта бұл құрылғыларға Қазақстанда мүлдем тыйым салынуы мүмкін. Дегенмен, сарапшылар бұл тыйымға сақтықпен қарайды. Олар нарық контрафактілік өнімдерге толады деп қорқады.

Айта кетері, былтыр Салық кодексіне акциздік мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен арттыруды көздейтін өзгерістер енгізілген болатын. Осылайша, алдағы үш жылда акциздер біртіндеп көтеріледі.

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес фильтрлі сигареттер:

2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;

2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;

2025 жылы – 15 900 теңге/1000 дана тұрады.

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың өлшемін келіден данаға өзгерте отырып, сигареттер акциз ставкасының мөлшерінен 70%-і деңгейінде айқындалды:

2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;

2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;

2025 жылы – 11 130 теңге /1000 дана.

Сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексті қолданысқа енгізу туралы» заңның 43-бабына өзгерістер енгізілді.

Оған сәйкес, электронды темекіде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка жоғарылайды:

2023 жылы – 53 теңге/миллилитр сұйықтық;

2024 жылы – 55 теңге/миллилитр сұйықтық;

2025 жылы – 55 теңге/миллилитр сұйықтық.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-03
Утром-1.4 ℃
Днем-0.06 ℃
Вечером-1.36 ℃
Ночью-1.66 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра3.99 м/с
2024-12-04
Утром-2.64 ℃
Днем0.29 ℃
Вечером-2.02 ℃
Ночью-2.67 ℃
Влажность71 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра2.82 м/с