БҚО ауылдарына жұмыс істеуге келген жас дәрігерлерге 1 млн теңгеден төленеді

Жыл басынан бері облысқа барлығы 47 жас маман келді, олардың 26-сы ауылға жіберілді.

Фото ашық көзден

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалибековтың айтуынша, облыста 1 730 дәрігер және 6 678 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. 2018 жылдан бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын студенттер мен резиденттер бар. 2022 жылы жергілікті бюджеттен талапкерлер үшін 56 грант және республикалық бюджеттен резиденттер үшін 88 грант бөлінді.

Ауылдық жерлерге жұмыс істеу үшін келген жас мамандарға әлеуметтік қолдаудың қолда бар түрлерінен басқа (тұрғын үй, «көтерме ақша», тұрғын үйді жалға алу) 2018 жылдан бастап жергілікті бюджет қаражатынан бір миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

2022 жылдың 11 айында БҚО-ға 47 жас маман келді. Оның 26-сы ауылдық жерлерге жіберілді. Бұл ретте кадрлар тапшылығы әлі де сезілуде.

2022 жылдың сәуір айында облыстық көпсалалы аурухана базасында Марат Оспанов атындағы медицина университетінің филиалы ашылды. Онда 13 бағыт бойынша резиденттер оқиды.

ОСЫ ТАҚЫРЫПТА ОҚЫҢЫЗ: БҚО аудандарында дәрігер мамандар жетіспейді

Ауыл тұрғындары емделу үшін қалаға баруға мәжбүр

Кейбір облыстар ауылға келген дәрігерге 5 млн теңге көтерме жәрдемақы бөледі – Ғиният

Ауылдарға 1 700-ден астам медицина қызметкерлері керек

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-10
Утром7.71 ℃
Днем16.58 ℃
Вечером15.12 ℃
Ночью10.07 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.94 м/с
2026-05-11
Утром7.93 ℃
Днем15.52 ℃
Вечером16.97 ℃
Ночью11.82 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра7.31 м/с